«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мүгедектерге арналған мобильді қосымша

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“АРДОС-Жүрек” мүгедектер бір­лестігі еліміздегі мүмкіндігі шек­теулі жандарға арналған “Ten Qo­gam” мобильді қосымшасын іске қосты. Бұған дейін елімізде мүге­дек жандарға арналған дәл осын­дай көмекші құрылғы болмаған. Енді ол Қазақстанның барлық өңірлеріндегі мүгедектігі бар адам­дар үшін пайдалы болмақ. Бұл жерде мүмкіндігі шектеулі адамдар өз құқықтары жайында, жеңілдіктер, тегін курстар, жұ­мыс­пен қамту және басқа да көптеген мәселелер туралы ақпаратты ала алады. Жоба қазақ, орыс тілдерін­де жұмыс істейді.

– Бұл қосымша мүмкіндігі шек­теулі адамдарға, сондай-ақ олар­дың отбасы мүшелеріне заңдар­дағы соңғы өзгерістер туралы, тұ­рып жатқан өңірлеріндегі әлеу­меттік нысандардың қолжетімділі­гінен хабардар етеді. Қосымша ар­қылы инватакси қызметтерін пай­далануға, азық-түлік, дәрі-дәрмек­ті жеткізуге тапсырыс беруге болады, – дейді “АРДОС-Жүрек” мү­гедектер бірлестігінің директоры Ақжан Кәрім.

Мобильді қосымшаға кез кел­ген мобильді құрылғыдан кіруге болады. Елімізде теңдесі жоқ жо­ба әзірге Солтүстік Қазақстан об­лысының тұрғындары үшін қол­жетімді, жақында оны басқа өңір­лер де қолданатын болады. “Мо­бильді қосымшаны әзірлеуге халықты жұмыспен қамту орталығы, жұмыспен қамтуды үйлестіру жә­не әлеуметтік бағдарламалар бас­қармасы, әлеуметтік қызмет көр­сету орталығы, “Nur Otan” пар­тия­сы және қоғамдық ұйымдар өкіл­дерінен тұратын фокус-топ­тар қа­тысты. Бүгінгі таңда қосым­шаны “Play Market”-тен жүктеп алуға бо­лады”, – дейді Ақжан Кә­рім.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp