Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Аққайың ауданындағы Қиялы елді мекенінде клуб күрделі жөндеуден өткізіліп, тұрғындар игілігіне берілді. Ғимараттың іргетасы сонау 1927 жылы қаланған.
Клубтың ашылу салтанатында аудан әкімі Рүстем Елубаев сөз сөйлеп, ауыл тұрғындарын ел егемендігінің торқалы тойымен құттықтады.
– Ғимаратты қайта қалпына келтіруге 2020 жылы облыстық бюджеттен 66 млн. теңге бөлінді. Бұл қомақты қаржыға нысанның электр, жылу, кәріз желілері жаңартылып, ішкі-сыртқы жөндеу жұмыстары жүргізілді, – деді аудан әкімі.
Ауылдық клуб 150 орынға шақталған. Мұнда концерт залы, түрлі спорттық құралдармен жабдықталған фитнес бөлмесі бар. Ардагерлер кеңесі мен қазақ тілі қоғамы да осы жерден орын тепкен.
Рабиға ЕРАЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.