«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

240 адам рақымшылыққа ілікті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай облыста 240 адам рақымшы­лыққа ілікті, олар алдағы жарты жыл­да бостандыққа шығады. Сол­түстік Қазақстан облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі депар­таменті баспасөз қызметінің мә­ліметінше, “Қазақстан Республи­ка­сы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына бай­ланысты рақымшылық жасау ту­ралы” Заңға сәйкес бірінші кезек­те 50-ден асқан әйелдерге, 60 жас­қа толған ер адамдарға, І және ІІ топ­тағы мүгедектерге, ата-ана құ­қығынан айырылмаған, асырауын­да 18 жасқа дейінгі балалары бар немесе асырауында мүгедек бала­лары барлар, Ұлы Отан соғысы ар­дагерлері және соған теңестіріл­гендер бостандыққа шығады.

– Осы санаттарға жататын адамдарды анықтау үшін облыс­тағы барлық жазасын өтеушілер ара­сында сауалнама жүргізілді. Оның нәтижесі сотталушының әлеу­меттік мәртебесін растау үшін мемлекеттік органдарға жіберілді. Ал асырауында балалары бар, бі­рақ ата-ана құқығынан айырылма­ған жазасын өтеуші әйелдер бо­йынша мәлімет білім бөлімдерінен сұратылды, – дейді облыстық қыл­мыстық атқару жүйесі департамен­тінің бастығы Рустан Ахметжанов.

Рақымшылыққа ауыр, аса ауыр қылмыс жасағандар, соның ішінде терроризм-экстремизмге, жеке адам­дарға қатысты қылмыс жаса­ғандар, кәмелет жасына толмаған­дарға жыныстық зорлық көрсеткен­дер ілікпейді.

Қазіргі уақытта облыстың түзету мекемелерінде 1200-ден астам сот­талған адам жазасын өтеп жатыр. Олардың ішінен 240 адам заңға сәй­кес мерзімінен ерте босап шық­пақ. Елімізде соңғы рет Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығына орай 2016 жылы ра­қым­шылық жасалып, облыста 171 жа­засын өтеуші амнистияға іліккен.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp