Пандемия басталғалы өңірімізде коронавирус инфекциясын 34400 адам жұқтырды. Өткен тәулікте облыста 69 тұрғынның қауіпті дертке шалдыққаны белгілі болды. Оның барлығында ауру белгілері байқалған.
Коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың басым бөлігі – петропавлдықтар (46 адам). Қызылжар, Аққайың, Тайынша, Тимирязев, Мағжан Жұмабаев, Жамбыл, Мамлют аудандарында да жаңа жағдайлар тіркелді.
ПТР әдісімен зертханалық талдаулар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 68 азаматтан және эпидқадағалау мақсатында 1 азаматтан алынды. Бүгінде облыста ПТР зерттеулер жүргізетін 4 зертхана жұмыс істейді. Пандемия басталғалы облыс бойынша КВИ-ға 555347 зерттеу жүргізілді, оның 6,1 пайызы – оң нәтиже. Өткен тәулікте ПТР әдісімен 1046 зерттеу жүргізілді.
Облыс бойынша 268158 адам екпенің бірінші, 251469 адам екінші компонентін алды.
Рабиға ЕРАЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.