«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шыршаны кесу — қылмыс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде қылқан жапырақтыларды заңсыз кесуге жол бермеу мақсатында “Шырша” акциясы ұйымдастырылуда.

Табиғатты қорғау полициясы мен ау­мақтық орман шаруашылы­ғы және жануарлар әлемі инспекция­сының өкілдері орман шаруашылы­ғы қызметімен бірлесе отырып, арнайы топтар құрды. Акция басталға­лы 40 рейд өткізілді. Нәтижесінде шыршалардың заңсыз кесілгені туралы дерек тіркелген жоқ. Полицейлердің айтуын­ша, облыста сатылып жатқан жаңажылдық шыршалар негізінен Ресейден жеткізілуде.

“Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің “Белгіленбеген жерде сауда жасау” бабы бойынша үш факті анықталды. Омбы айналма жолының маңында “ГАЗель” автомобилінде шырша сатып отырған қалалық жауапқа тартылды. Кәсіпкерлерде далада сауда жасауға рұқсаты немесе нысанды жалға алу туралы келісімшарты болуы тиіс екендігін ескертеміз”, – дейді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Айдын Байматов.

Нұрбек БАЕКИН,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp