Қызылжар ауданының полиция қызметкерлері ұзындығы 11 шақырымнан асатын электр желісінің сымын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 2,5 миллион теңгені құрайды. Аудан орталығынан Трудовая Нива ауылына дейінгі учаскеде жоғары вольттық бағандардағы сымдардың жоғалғанын анықтаған аудандық электр желісін тарату станциясының бастығы желтоқсан айының басында полицияға жүгінген.
Жедел-тергеу тобы қызметкерлерінің күдігі электрмен жабдықтау саласында жұмыс істейтін адамдарға түскен. Күдік расталып, ұрылар аудандық электр желісін тарату станциясында жұмыс істейтін Бескөл ауылының тұрғындары болып шықты. Қауіпті учаскелердегі ұрлық тамыз айында басталғаны анықталды. Қазіргі уақытта ұрланған сымдарды қайтарып алу бойынша жұмыс жүргізілуде. Ұрланған сымдардың металл қабылдау пункіттеріне өткізілгені белгілі болды.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.