«Soltüstık Qazaqstan»

ұлы оқиғаны еске алу күні.бұл күн біздің жадымызда сақталады!

PDF

Қорытынды кезең

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Кеше “Ustudy” орталығының базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша 2021-2022 оқу жылының рес­пуб­ликалық олимпиадасының қорытынды кезеңі басталды. Байқаудың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков өз сөзінде 18-23 сәуір аралығында өтетін республикалық олимпиадада облыстық кезеңнің жеңімпаздары болған 9-11 сынып оқушылары бақ сынайтынын жеткізді.

Оның айтуынша, олимпиада жара­тылыстану-математикалық және қо­ғамдық-гуманитарлық бағыттағы пән­дерді қамтып, апелляция 22 және 23 сәуір күндері қашықтан жүргі­зіледі.

Жыл сайын республикалық олим­пиа­да 16 жалпы білім беретін пәндер негізінде 4 кезеңде ұйымдас­ты­ры­лады. Биылғы оқу жылында рес­публикалық олимпиаданың мектептік кезеңіне облыстан 7786 бала қаты­сып, аудандық кезеңге – 3017, облыс­тық кезеңге – 408, ал қорытынды кезеңге 102 оқушы өтті.

Республикалық олимпиада “Us­tudy” орталықтарының базасында бар­лық санитарлық нормаларды сақ­тай отырып, өңірлерде мәре ал­ды. Олим­пиада “бір қатысушы – бір ком­пьютер – бір камера” қағидасына сүйе­ніп, “Oqylyq.kz” автоматтан­ды­рылған прокторинг жүйесін қолдану арқылы өткізіледі. Қатысушыларды отырғызу кезінде пәндер мен сы­ныптарды “ара­ластыру” әдісі қолда­нылады.

“Oqylyq.kz” сайты арқылы олим­пиада тапсырмалары бір уақытта бе­ріледі және әрбір қатысушының ал­дын ала берілген жеке қол жеткізу коды болады. Тур аяқталғаннан кейін қатысушылардың сканерленген жұ­мыстары шифрланып, қазылар алқа­сының мүшелеріне тексеруге жібері­леді. Сосын қатысушылар жұмыста­рының сканерленген көшірмелері “Дарын” республикалық ғылыми-прак­тикалық орталығының интернет-ресурсында олардың жеке деректері көрсетілмей орналастырылады. Тап­сырмалар бойынша дұрыс жауаптар және турлардың нәтижелері бар хат­тамалар “Дарын” РҒПО сайтында жа­рияланатын болады.

Олимпиадада академиялық адал­дықты қамтамасыз ету үшін біздің өңірге “Дарын” республикалық ғы­лыми-практикалық орталығының және “Әділдік жолы” филиалының өкілдері қатысуда. Бейнебақылауға барлық сілтемелер “Дарын” РҒПО сайтында қолжетімді.

Әсел ОРАЗБАЕВА,

облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp