«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗДІҢ ЖЕТІСТІГІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Волейболдан ұлттық лига командалары арасында ел чемпионаты мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша жергілікті “Есіл-СҚ” екінші орын еншіледі. Жерлестеріміз турнир аясында 31 ойын өткізіп, соның 17-сінде жеңіске жетті. Өкінішке қарай, “Атырау” командасымен болған финалдық қос ойында команда 1-3, 0-3 есебімен жеңілуге мәжбүр болды. Осылайша “Атырау” алтын, “Есіл-СҚ” күміс жүлдегер атанды.

Соңғы жылдары сәтті ойын өрнегін көрсетіп жүрген “Қуаныш” қыздар командасы волейболдан Қазақстан чемпионатының қоласына қол жеткізді. Бұдан бөлек, жақында аяқталған ел біріншілігінде жергілікті “Барс” баскетбол үшінші орынға тұрақтады. Жерлестерімізді айтулы жетістіктерімен облыс әкімі Құмар Ақсақалов құттықтады.

“Біздің “Есіл-СҚ” волейбол клубы өз тарихында алғаш рет волейболдан ұлттық лиганың күміс жүлдесін жеңіп алды. “Қуаныш” қыздар волейбол клубы өз деңгейін растап, ұлттық лигада үшінші орынды иеленді. Қыздарымыз алғаш рет клубтар арасындағы Азия біріншілігіне қатысуға мүмкіндік алғанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ “Барс” баскетбол клубы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды. Барлық спортшыларымызды жетістіктерімен құттықтаймын!”, – деп жазды облыс әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желілердегі парақшаларына.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp