«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ ҚАРАЛЫ БЕТТЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өткен ХХ ғасырдың басында ком­мунистік колонизаторлар қазақ хал­қының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі шаруашылығы мен өмір сү­руге бейімделген тіршілік көзін қи­ратса, олар еріксіз пұшайман күйге түсерін жақсы білді. Сөйтіп, олар пат­шалық Ресей іске асыра алмай кеткен қазақ даласын реформалау жұмысын жалғастырды. Соның бірі – кәмпеске науқаны.

1927 жылы қараша айында бүкіл­қа­зақтық VІ кеңестің конференция­сын­да қазақтардың қолындағы мал­ды бөліске салу мәселесінің ба­ғыт­тары белгіленді. Яғни, кедейлердің байларға тікелей және жартылай крепостниктік тәуелсіздігін батылы­рақ жою, оның қоғамдық-саяси сал­ма­ғын күшейте түсу үшін ірі байлар­дың малдары мен құрал-сайман­дарын тартып алуға рұқсат берілсін делінді.

Мәскеудің нұсқауына байланысты республика партия ұйымының шеші­мі­мен 1928 жылғы 27 тамызда Қазақ АССР Орталық атқару комитеті мен Халық комиссарлары кеңесінің қау­лы­сы жарық көрді. Онда қағида сөз­бе-сөз қайталанып, жартылай фео­далдық-патриархалдық және рулық қатынастарды сақтай отырып, өзінің байлығын және қоғамдық ықпалымен ауылды кеңестендіруге қарсылық көр­сетуші аса ірі мал иелері кәм­пес­келенуі тиіс екені заңдастырылды.

Қаулы бойынша тәркіленіп, жер аударылуға тиісті қазақтар екі топқа бөлінді. Бірінші топ – “ірі байлар”, екінші топ – “қауіпті элементтер” деп аталды. Бірінші топқа жататындарға қатысты жаза мынадай еді: “үлкен байлығының арқасында, бұрынғы ата жуандығы, бектік, мықтылығына сү­йе­ніп, ел ішінде рушылдықты қозды­рып, кеңес жұмысының ілгері ба­суына кесел тигізіп келген Қазақ­стан­дағы ірі байлар жер аударылсын”.

Бұл топ, яғни, “ірі байлар” кімдер еді? Олар – “көшпелі аудандарда, бар­лық мал саны ірі қарамен есептеген­де 400-ден жоғары, шала көшпелі, яғни, жартылай отырықшы аудандар­да – 300-ден, отырықшы аудандарда – 150-ден артық ірі қара малы бар бай­лар”. Отырықшы аудандарда “ретіне қарай жоғары көрсетілген норманы 100 қараға дейін кемітуге Қазақстан халық комиссарлары кеңесінің хақы бар” делінді. Бұл бапқа түсінік ретін­де, малы көрсетілген мөлшерге жет­песе де, “жер аударылуға тиісті адам­дардың қатарына кіретін болса, он­дайларды Қазақстан комиссарлары кеңесінің ерекше қаулысымен жер аударуға” болады деп көрсетілгені тағы бар.

Демек, жергілікті үкімет органда­рына жақпай, қара тізімге іліне қалса, “ірі байлар” қатарына әркімді де жатқызуға болады, бұл үшін “ерекше” деген бір ғана атау сөз қолданылады.

Екінші топқа жататындардың си­пат­тамасы бесінші бапта былай бе­рілген: “Кеңес жұмысына қарсылығын қоймай келген бұрынғы ақсүйек сұлтан, хан тұқымдары, болыстықты өмірі қолынан шығармай, патшадан айрықша шен алып келген ескі бо­лыс­тар осы қаулының бірінші статья­сына тура келмесе де, малы кәмпес­келеніп, өзі бұрынғы қоныстарынан қуылады”.

Бұл бапқа берілген түсінік – қосым­шада: “Осы статьяда көрсетілген адамдардың мал-мүлкін ретіне қарай кәмпескелеуден құтқаруға Қазақстан халық комиссарлары кеңесіне ерік беріледі” делінген. Дәлірек айтқанда, тізімге енген кез келген адамды өзге кісімен (бір кісімен емес, тұтас отбасы туралы сөз болып отыр) ауыстыруға болады екен. Сөйтіп, қазақ арасын шиеленістіру арқылы белсенділер мен тыңшылар қатарын көбейтуге, “қауіпті элементтерді көбірек табуға” жол ашқан.

Осы баптар мен оларға берілген қосымша түсініктердің Ақмола губер­ниясында, оның ішінде Петропавл уе­зінде, яғни, қазіргі Солтүстік Қазақ­стан облысы аумағында қалай қолда­нылғанына келейік. Қаулы шығысы­мен губернияда “кәмпеске” комис­сиялары жедел құрыла бастады.

Ақмола губерниясындағы кәмпес­ке науқанын өткізуге Қызылордадан үкімет атынан өкіл болып Садықбек Сапарбеков келді. Өңшең қазақтан жасақталған 131 партия белсенді­сі­нен тұратын комиссия жер-жерге бөлініп, “тап жауларымен” күреске кірісті.

Петропавлда жасалған тізім бо­йын­ша “жартылай феодалдар, ру ба­сы­лары кеңестендіру жұмысына бөгет жасаушылар” қатарына әуелі 33 отбасы ілінді. Олардың отағаларына мінездеме толтырылды. Мысалы, Ахметжан Нұрмағамбетовтің (Мағ­жанның немере ағасы, бір жерде Жұ­мабаев деп те жазылған) мінездемесі мынадай: “Атасы Жұмабай кезінде беделді ел ағасы болған. Ахметжан­ның кеңес өкіметіне көзқарасы: сырт­тай жақтайды, іштей қарсы. Ма­ңайын­дағы кедейлердің еңбегін өте-мөте сақтықпен қанайды, сауатты эле­мент болғандықтан, заңдарды жақсы біледі. Интеллигент, кеңес өкі­метіне жағынғысы келеді, сөйтіп, қызметке де ие болып отыр”. Сырттай қарсы болмаған адамның іштей қарсы екендігін қалай біліп қойды екен де­ңізші.

Ал Мағжанның әкесі Бекмұхамет (ел ішінде Бекен) Жұмабаев ше? “Ол бірнеше жыл болыс болған. Кедей­лер мен жалшылар оны ел ішінен аластатуды сұрайды” делінген.

“Тонамбетов (әлде Тоғамбетов, Тоқамбетов) Исамберді, 75 жаста. Бұрын Сарыайғыр болысының төр­аға­сы болған әрі билік құрған. Кеңес өкіметіне күдікпен қарайды”.

“Майкөтов Баймағанбет (Баймұ­хамбет) – 75 жаста. Саудагер болған, Ленинградқа дейін барып сауда жасаған. Алашордаға мүше болған. Қазір сауданы жақсы жасайды”.

“Қаймолдин Ебіл, орташа. Атасы Қаймолла бірнеше жүз қойы бар, бай болған…”. Мінездемелерге қол қойған М.Қайыпназаров.

Архив құжаттарының негізінде өңіріміздегі кәмпеске науқанына қа­тысты 100-ден аса байдың есімі анық­талды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жө­ніндегі мемлекеттік комиссия” туралы Жарлығының негізінде Солтүстік Қазақстан облысының “Кулактарға, байларға, жартылай феодалдарға және орта шаруаларға қатысты саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жө­ніндегі” жұмыс тобы бүгінгі таңда архив құжаттарының негізіндегі зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 1931 жылы кәмпескеге ұшырап, жала жабылып, облыс аумағынан тыс республиканың басқа аймақтарына жер аударылған солтүстік өңірдегі байлардың есімдерін анықтады. Есімдері анықталған азаматтар жа­йында толық ақпарат алу үшін кәм­пескеге ұшыраған азаматтардың ту­ған-туыстарына іздеу саламыз.

Құрметті Солтүстік Қазақстан об­лысының тұрғындары! Назар­лары­ңызға кәмпескеге ұшыраған байлар­дың есімдерін ұсынамыз.

Первомайский с/советінің байлар мен кулактарының тізімі:

1. Әбділдин Нұрғали;

2. Әльжанов Нұрахмет;

3. Әлгенов Әлпен;

4. Әлшенов Әужан;

5. Ақылбеков Зағыпар;

6. Ахметов Мәдей;

7. Ахметов Сидул;

8. Байғожин Нұрпейіс;

9. Байшігүлов Күлдебай;

10. Бейсенов Мұса;

11. Данияров Мұқан;

12. Данияров Нұрбай;

13. Жүнісов Ақберген;

14. Жакупов Жармағанбай;

15. Жарғақов Аязбай;

16. Жарғаков Сәдуакас;

17. Жұмабаев Әбілда;

18. Жүсіпов Елубай;

19. Жылқыбаев Жұмабай;

20. Ибраев Исқақ;

21. Ибраева Жұмабике;

22. Қырғызбаев Сыздық;

23. Көпжасаров Қоржынбай;

24. Құдайбергенов Данияр;

25. Құнаев Омар;

26. Матенова Гүлсым;

27. Мүлкеманов Татим;

28. Сәбдин Мұхамеджан;

29. Саликов Естай;

30. Самайбаев Асқар;

31. Сейтпаев Әбілғазы;

32. Сұғралей Уалихан;

33. Сүлейменов Елубай;

34. Сүлейменов Жұмабай;

35. Сүлейменов Елубай;

36. Сүлейменов Хамза;

37. Сүлейменов Шакыш;

38. Тастамбеков Қасен;

39. Тенев Хамза Сүлейменұлы;

40. Түлегенов Әлібай;

Тізімдегі адамдарға қатысты қан­дай да бір ақпаратыңыз болса Сол­түстік Қазақстан облысының мем­лекеттік архивінің тұрғындарымен кері байланыс үшін құрылған арнайы желісіне 8(7152)46-48-19 телефоны арқылы хабарласуларыңызды сұрай­мыз!

Сәуле МӘЛІКОВА,

Солтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp