«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕЛЕГАТТАР САЙЛАНДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстан “Amanat” партиясының кезекті съезіне 22 делегат қатысады. Тиісті шешім партияның облыстық филиалы саяси кеңесінің отырысында қабылданды.

Республикалық саяси ұйымның ең жоғары форумына облыс әкімі Құмар Ақсақалов, партияның атқарушы хатшысы Әсем Рахметова, орталық саяси кеңес мүшелері Ольга Перепечина, Геннадий Зенченко, Еркебұлан Мәмбетов, Ирина Эктова, партияның аумақтық филиалдарының атқарушы хатшылары, “Jas Otan” жастар қанаты облыстық филиалының жетекшісі, тағы басқалары делегат болып сайланды.

26 сәуірде өтетін съезді шақыру туралы шешімді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады.

Форум барысында “Adal” партиясының “Amanat” партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп күтілуде.

Ілияс СӘБДИНОВ,

“Amanat” партиясы облыстық ұйымының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp