«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ақтық сында сүрінді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстанның екінші, әлемнің 144-ші ракеткасы Тимофей Скатов Чилидегі “ATP Challenger Tour” турнирінің финалында жеңіліп қалды.

Тимофей Скатов соңғы бәсеке­де әлемнің 76-шы, осы жарыстың 1-ші ракеткасы, аргентиналық Феде­рико Кориамен бас жүлдені сарапқа салды. Аргентиналық спортшы екі сағатқа созылған матчта 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ол 5 брейк-пойнттың төртеуін пайда­ланды. Тимофей 2 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

Петропавлдық теннисші атал­мыш доданың финалына дейін жетуінің арқасында жаңартылатын әлемдік рейтингте 129-шы орынға көтерілетінін айта кеткен жөн. Бұл жерлесіміз үшін рекордтық көрсеткіш болмақ.

Әділет БАҒЛАНҰЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp