«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Түрмедегі тәртіпсіздік салдарынан бірнеше адам қызметтен кетті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Айыртау ауданындағы түзеу мекемесінде болған кісі өліміне қатысты бірнеше адам жазаланды. Облыстық прокуратураның мә­лі­метінше, анықталған бірнеше олқылыққа байланысты осы меке­менің басшылық лауазымдағы екі маманы қызметінен босатылды. Тағы бес қызметкер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Облыс прокуратурасының осы мекеменің қызметінде бірқатар елеу­лі бұзушылықтарды анықтаған ұсы­ны­сы өңір прокурорының орын­ба­сары Мұрат Қожамқұловтың қаты­суымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер ми­нистрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің алаңында қаралды.

Тексерісті жүргізуге былтыр күз­де Новоукраинка елді мекеніндегі тү­зеу мекемесінде бір сотталғанның екін­­ші­сін балғамен ұрып өлтіруі се­беп бол­ған. Оның қасақана өлтіргені бей­­­не­камераға түсіп қалып, кейін бей­не­­жазба әлеуметтік желіге тарап кетті.

Облыс прокуроры орынбасары­ның айтуынша, тек осы бір факті ғана мекемедегі тәртіп үшін жауап беретін лауазымды тұлғалардың өз қызметі­не жауапсыздықпен қараға­нын көр­сетіп отыр. Бақылаудың жоқ­тығы сал­дарынан жазасын өтеуші аса ауыр қылмыс жасаған.

Қадағалау органы алдағы уақыт­та ұқсас жағдайларға жол бермеу үшін барлық тиісті шараларды қабылдауды және ведомстволық бақы­­лауды күшейтуді талап етті.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp