Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 436163 адам немесе халықтың 81,6 пайызы медициналық сақтандыруға қатысушылар болып саналады олар МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға құқылы.
Бұл санға жарналарды төлеуден босатылған адамдар кіреді, олар үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарды мемлекет төлейді.
МӘМС төлемдері барлық адамдар үшін міндетті болып табылады, алайда облыста 98152 (18,4 пайыз) адам әлі сақтандырылмаған. Олардың көпшілігі – ауыл тұрғындары. Сақтандырылмаған ауыл тұрғындарының көпшілігі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар немесе бірыңғай жиынтық төлемді (бұдан әрі – БЖТ) төлеушілер екенін ескеру қажет.
МӘМС жүйесінде медициналық көмек құқығын алу үшін БЖТ төлеушілерге медициналық көмек алатын күннің алдындағы қатарынан кемінде үш ай, сондай-ақ үстіміздегі ай үшін төлеу қажет. МӘМС жүйесінде сақтандырылу мәртебесі ағымдағы ай үшін төлем болған кезде өзекті екенін және айдың соңына дейін жарамды екенін есте сақтау маңызды. Ауыл тұрғындарының қателігі, БЖТ ағымдағы айдың басында немесе ортасында төленеді.
Маусымдық жұмысшылар “сақтандырылған” мәртебесін жоғалтады, өйткені ауыл тұрғындарының көпшілігі шаруа қожалығында, ЖШС-да, негізінен егіс және егін жинау науқаны кезінде жұмыс істейді.
Адам жұмыс істемейтін кезеңде ол міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (айына 3000 теңге – ЕТЖ-нің 5 пайызы) немесе БЖТ (0,5 АЕК-басқа елді мекендерде тұратын жеке тұлғалар үшін – 1531,50 теңге) жарналарын өзі төлеуге тиіс. Жұмыс беруші немесе бухгалтерлік есеп өз қызметкерлеріне бұл туралы ескертуі керек.
Сондай-ақ, жақында жұмысқа орналасқан және әлі сақтандырылмаған қызметкерлер үшін мәртебе алудың маңыздылығын атап өту қажет, өйткені олардың жұмысқа орналасқанға дейінгі кезеңге берешегі бар. Жоспарлы медициналық көмек көрсету, диагностикалық процедуралардан, скринингтерден, ауруханаға жатқызудан өту қажет болған жағдайда мәртебенің болмауы қиындық туғызады. Сондықтан жұмыс берушілер жаңадан келген қызметкерлерге осы жайларды түсіндіруі керек.
Сақтандырылмағандардың 30 пайызға жуығы – жалдамалы жұмысшылар. Жұмыс берушілер жарналар мен аударымдарды төлеуден жалтарады немесе төлемді кешіктіріп жүргізеді, осылайша өз қызметкерлерінің құқықтарын бұзады.
Барлық жоспарлы медициналық көмектің, консультациялық-диагностикалық, оның ішінде қымбат тұратын қызметтердің, қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту қызметтерінің қолжетімділігі халқымыздың сақтандырылу мәртебесіне тікелей байланысты және МӘМС артықшылығы болып табылады.
Лариса ГОРДЕЕВА,
“Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” облыстық филиалының директоры.