«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Экспорт көлемі артты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық кәсіпкерлер палатасы берген экспорттық сертификаттар саны 15 пайызға ұлғайды. Бұл туралы осы ұйымның директоры Тимур Бекеев мәлімдеді.

Тимур Берікұлының айтуынша, 2022 жылы тауарлардың шығу тегін сертификаттау бойынша 3066 сертификат ұсынылса, 2624-ін жергілікті тауар өндірушілер алған.

– Өткен жылдың қорытындысы бойынша экспорттық сертификаттарға да, ішкі айналым сертификаттарына да өтінімдердің ұлғаю үрдісі байқалып отыр. Біз экспорттаушыларға берген сертификаттар саны 2022 жылы – 15 пайызға, ал CT–KZ нысандары 32 пайызға өсті, – деді кәсіпкерлер палатасының директоры.

Былтыр облыста өндірілген тауарлар әлемнің 34 еліне экспортталыпты. Олардың ішінде Ресей, Бельгия, Әзірбайжан, Иран, Тәжікстан, Түркіменстан, Қытай, Түркия, Ауғанстан, Нидерланды, Италия сияқты мемлекеттер бар. Басқаларға қарағанда, көрші Өзбекстанмен екіжақты сауда айналымы көш ілгері болған. Айыр қалпақты ағайындарға негізінен бидай, кебек және бидай крахмалы жіберілген.

Сондай-ақ Еуроодақ елдеріне көптеген тауарлар экспортталған екен. Иранға – арпа, бидай, Ауғанстанға – ұн, тауық жұмыртқасы, Қытайға – бидай мен зығыр майы, Түркияға қатты бидай мен жасымық жеткізілген.

Мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін солтүстікқазақстандық шағын және орта бизнес субъектілері отандық өндірушілер тізілімінде болуын растайтын индустриялық сертификатқа ие болған. Өткен жылы палата мамандары 7 индустриялық сертификат тапсырған. Тізілімде көрсетілген мәліметтер жаңартылып отырылады.

Сағынгүл ІРГЕБАЕВА,

облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp