С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының “Алуа” халық би ансамблі Түркістан қаласында өткен “BALA STAR” республикалық конкурс-фестивалінде 1 орын иегері атанды.
Республикалық байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен би ұжымдары қатысқан. Өңір намысын “Алуа” би ансамблі қорғады. Білікті хореографтардан құралған қазылар алқасы жерлестеріміздің өнерін жоғары бағалады.
– Аталған республикалық фестивальге өңірімізден біздің ұжым қатысты. 6 қыздан тұратын тобымыз жеңімпаз атанды. Тәлімгерлерім қазақтың “Қосбасар” мен “Томиристің түсі” атты билерді тамаша орындап шықты, – дейді “Алуа” халық би ансамблінің көркемдік жетекшісі Шолпан Бүркітбайқызы.
Рабиға ЕРАЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.