«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Туған жердің кереметтері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық бейнелеу өнері му­зейінде суретші Вячеслав Смирновтың көрмесінің ашылуы өтті. Экспозицияда пей­заж және натюрморт жанрла­рында 55 көркем кескіндеме туындысы бар.

Залға кірген адамның барлығы ақ қайыңдар мекеніне тап болғандай әсер алады. Облысымыздың көркіне айналған әсем мүсінді қайыңдар суретшінің көптеген шығармала­рына арқау болыпты. “Туған жер”, “Ормандағы кеш”, “Жазғы кеш” сын­ды туындыларынан автордың туған жерге деген ыстық сүйіспеншілігін анық аңғаруға болады.

Вячеслав Смирновтың туған өл­кеміздің көрікті жерлері мен тамаша табиғатын суреттеуді жаны сүйеді. Өз туындыларын есте сақтау арқылы бейнелейді екен. “Уақыттың тығыз болуына байланысты үнемі та­биғат аясына шығу мүмкіндігі бола бермейді”, – дейді теріскейлік су­ретші.

Қылқалам шебері – Жамбыл ау­данының тумасы. Ол сурет салуды небәрі 5 жасында бастаған. Алайда ержеткен кезінде отбасылық жағ­дай­ға байланысты бұл бағытта жоғары білім ала алмапты. Десе де, тын­бай ізденіп, талай тәжірибе жи­нақтаған. Нәтижесінде жерлесіміз та­биғатты қағаз бетіне айнытпай түсі­рудің шебері атанды. Бір қызығы, ол еңбектерінде тек майлы бояуды қолданады.

Шығармашылық кешке Вяче­слав Борисовичтың жақындары мен достары жиналды.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp