«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Диванның астындағы мылтық

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облысымызда өткен “Қар” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары тіркелмеген атыс қаруын сақтаудың екі фактісін анықтады.

Тайынша ауданындағы 52 жастағы тұрғынның үйінен полицейлер “ИЖ-54” тегіс ұңғылы аңшы мылтығын тапты. Ауыл тұрғыны қару-жарақты қонақ бөлмедегі диванның астында сақтаған. Ол қауіпті затты екі жыл бұрын қайтыс болған әкесінің үйінен алып келіпті.

Ал Есіл ауданында 67 жастағы жергілікті тұрғын шкафта тіркелмеген “ИЖ-18М” мылтығын ұстаған. Ол мылтықты өткен күзде орманнан тауып алыпты. Екі мылтық та Ішкі істер министрлігінің деректер базасы бойынша тексерілді. Құқық бұзушыларға қатысты хаттамалар толтырылып, олар жауапкершілікке тартылды.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp