Ұлттық қауіпсіздік комитеті Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің терроризмге қарсы орталығы бөлімінің қызметкерлері алты ауданда жедел-тактикалық оқу-жаттығу жиындарын өткізді.
“Нақты жағдайларға жақын кезеңдерде жедел штабтың қойылған міндеттерін тексеру және көрсету” тақырыбында өткен іс-шараларға өңірдің Қызылжар, Есіл, Айыртау, Тимирязев, Шал ақын және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың мемлекеттік органдары қатысты.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын жетілдіру, терроризм актісінің жолын кесіп, оқу-жаттығуларға қатысушылардың жауынгерлік қабілеттілігі мен моральдық-психологиялық қасиеттерін артыру.
Оқу-жаттығу барысында қауіпсіздік тұрғысынан осал объектілерде терроризм актілерін жасаудың әртүрлі сценарийлері қолданылып, оған төтеп беру мәселелері пысықталды. Сондай-ақ штаб мүшелері мен жедел топ басшылары терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтардың қызметін реттейтін терроризмге қарсы заңнаманы және бірлескен бұйрықтарды білу тұрғысынан тесттер тапсырды.
Оқу-жаттығу қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі шараларды әзірлей отырып, қорытындыларға егжей-тегжейлі талдау жүргізілді.
Шара соңында әр жедел топтың дайындығына тиісті баға берілді.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті.