«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУ ДЕҢГЕЙІ ТӨМЕНДЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Қазгидромет” республикалық мем­лекеттік кәсіпорны облыстық фи­лиалының мәліметінше, Петро­павл маңында Есіл өзені­нің суы төмендей бастады. Өткен тәулікте гидрологиялық бекеттегі су деңгейі­нің көрсеткіші 4 сантиметрге азайған. Өзен суы Покровка елді мекені маңында 20 сантиметрге дейін түсті.

Ал Тоқсан би ауылының маңын­дағы гидрологиялық бекетте кері­сін­ше Есіл өзе­ні деңгейінің – 4, ал Сергеевка қаласы жанында – 16, Сергеев су қоймасында 10 сантиметрге кө­терілгені байқалған. Гидрологтардың айтуынша, бұған Ақмола об­лы­сынан келген су себеп болып отыр.

Облыстық төтенше жағдайлар жө­ніндегі департамент баспасөз қыз­метінің мәліметінше, “Челябі – Но­восібір” халықаралық маңызы бар автожолының 528 километрі әлі су астында. Петропавл ма­ңында орналасқан 685 саяжай учас­кесіне су кірген.

“Қазақстанның Қызыл жарты ай” қоғамы облыстық филиалының ди­ректоры Сәуле Оразованың ай­туынша, өңірде төтенше жағдай жа­рия­ланбағандықтан биыл саяжай­ларын су басқан тұрғындарға көмек берілмейді.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp