«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мағжан – ағартушы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мағжан Жұмабаев жайлы тағы бір құнды дүние жарық көрді. Бұл жолы Мағжанның ақындық дара­лы­ғы емес, педагогикалық тағылы­мы бір кітапқа арқау болды. Педа­гогика ғылымының кандидаты, профессор Сабыр Сеңкібаевтың “Қа­зақ педагогикасы және Мағжан Жұмабаев” оқулығы ұлттық педа­гогиканың қалыптасуына, қазақ хал­қының ұлы ақыны, ағартушы-тә­лімгер, ұстаз Мағжан Жұмабаев­тың педагогикалық ілімдеріне ар­налған.

Мағжан Жұмабаевтай жалған жаланың құрбаны болған ағарту­шы­лардың педагогикалық мұрала­ры теориялық тұрғыдан толық зерт­телмей, ұлттық тәрбиенің тағылы­мын зерделеу мүмкін емес. Атал­ған оқу құралы осы олқылықтың орнын толтырар деген сенім бар.

– Жас ұрпақ біздің өміріміздің ті­келей жалғастырушысы ғана емес, еліміздің – тірегі, мызғымас бола­шағы. Мағжан Жұмабаев ұлтын азат етудің бірден-бір жолы – оқу-ағарту екенін айтудан жалыққан емес. Оның сол кезде айтқан озық ойлы тұжырымдары бүгінгі күні де өзекті. Педагогтың “Баланы зама­ны­на лайық етіп, тәрбиелеу керек”, “…Дүниеде теңіз терең емес, адам­ның жаны терең. Адамның жанына дұрыс тәрбие керек”, – деген ойлары бүгінгі күнді сипаттағандай, – дейді кітап авторы.

Осы тұрғыдан келгенде қазақ мектептеріндегі оқу-тәрбие мәсе­ле­сі өзекті болуы заңды. Демек жет­кіншектерді Мағжан педагогикасы­ның негізінде тәрбиелеу үшін ұлы ақынның мұраларын пайдаланған әбден дұрыс. Оның қажеттілігі қазір айқын сезілуде. Ұлт тәрбиесінің ба­лаға берері көп екендігі айтпаса да түсінікті. Қазіргі мың құбылған за­манда бала тәрбиесі барлық істер­дің ұшар басында тұруы тиіс. Сон­дықтан автор шағын еңбегінде ұлт­тық педагогиканың кешегісі мен бүгі­нін, Мағжан Жұмабаевтың тәлімдік ілім­дерін талдаған. Бұл туынды жо­ғары оқу орындарының педагогика факультетінің оқытушылары мен студенттеріне қосымша оқу құралы ретінде ұсынылған.

Арайлым БЕЙСЕНБАЕВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp