«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Күн астында көп жүрмеңіз!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде он шақты күннен бері тер­мометр бағаны +35 градустан түс­пей тұр. Аптап ыстық тұрғындардың мазасын қашыруда. Әсіресе жүрек-қан та­мыр аурулары барларға қиын соғуда. “Жедел жәрдем” қызметінің көмегіне жүгінушілер саны күрт артқан.

Облыстық жедел медициналық көмек көрсету орталығының дирек­торы Юрий Белоногтың айтуынша, күннің ыстығы ақ халатты жандардың да жұмысын көбейтіп отыр. Бұл күн­дері тәулігіне 450-500 шақырту тү­седі. Оның шамамен 150-і жүрек-қан тамырларының аурулары – инсульт, ин­фаркт, гипертония.

“Ағзаға су жетпеген кезде қан қою­ланып, дұрыс жүрмейді. Инфаркт, инсульт алғандардың саны артып отыр. Созылмалы дерті барларға күн ас­тында көп жүру қауіпті. Көбірек су ішкен дұрыс. Ал жүрек-қан тамыры ауруларымен ауыратындар міндетті түрде артериалдық қысымды төмендететін дәрілерді, антиаритмиялық, антикоа­гулянттарды пайдаланулары қажет”, – дейді Юрий Белоног.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp