«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Демалыс орындары дайын

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірлік коммуникациялар қыз­ме­тінде өткен баспасөз конферен­циясын­да биылғы туристік маусымға дайындық сөз болды. Облыс­тық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Нұржан Садықов өңірдегі табиғи, тарихи, археологиялық және туристік ресурс­тарға бай Айыртау ауданында­ғы демалыс орындарына тоқталды. Бұл ауданның шипалы көлдері, тау­лы-тасты аймағы, жасыл желегі адам­дарға ерекше әсер сыйлайды. Көпшілік арасында кеңінен таныс Шалқар мен Имантауға жаз бойы мыңдаған адам ағылады. Былтыр “Имантау-Шалқар” курорттық айма­ғында 62,4 мың турист демалыпты.

Туристер демалыс орындарына өз көліктерімен де, авто­бус­тармен де жете алады. Алыстан келетіндер Пет­ропавл мен Көкшетау қалала­рына әуе немесе темір жол қаты­настары арқылы жетіп, әрі қарай арнайы рейстермен демалыс орын­дарына аттанады. “Петропавл – Имантау” маршруттық автобусы күн­делікті қатынайды, бағасы – 2200 тең­ге. Имантау және Шалқар көлде­рінің жағасында 42 туристік нысан жұмыс істейді.

– Айыртау ауданында тарихи орындар да жетерлік. “Ботай” қоны­сы, Қарасай және Ағынтай батыр­лар­дың мемориалдық кешені, “Ай­ғаным” мұражай-үйі де – туристердің қызыға тамашалайтын жерлері, – деді Нұржан Садықов.

Туристерді тарту, демалушы­лар­ға ыңғайлы жағдай жасау үшін мате­риалдық-техникалық база жа­ңарты­лып, ұсыныла­тын қызметтер тізбегі кеңейтілген. Биыл да туристік мау­сымға дайын­дық тиянақты жүр­гізіліп, көптеген жұмыс атқарылған. Мәсе­лен, “Род­ник” демалыс база­сындағы екі қабат­ты ғимарат күрделі жөндел­ген, “Ажар” демалыс база­сында жа­ңа үй­лер, “Изумруд” дема­лыс ба­засында спорт алаңы салы­нып, “Жемчужина” демалыс база­сында жаңадан үш коттедж бой кө­терген.

Өңірімізде демалушыларды қы­зық­ты­ратын тағы бір орын – Мамлют ауданындағы Меңгесер көлі. Бұл көлдегі балшықтың емдік қасиеті көпке мәлім. Меңгесер көлінің ай­наласына шипа іздеп бара­тындар қатары қалың. Ол жерде же­ке кә­сіпкер демалыс ба­засын ашып қой­ған. Меңгесер елді ме­кеніне дейін облыс орталығынан қо­ғамдық көлік күнделікті қатынай­ды. Көл ауылдан үш шақырым жерде ор­наласқан. Он­да шілденің басынан бастап, тамыз айының ортасына дейін түскен дұ­рыс дейді мамандар.

Облыс орталығы мен қала маңа­йында да демалыс орындары бар. Тұрғындар жыл бойына “Green park”, “Park Hotel Pestreo”, “Pinecon Bor”, “Green Wood”, “Абакшино” сияқты ба­за­ларда демалады. Биыл “Абакшино” демалыс орнына күрделі жөндеу жүргізіліп, хайуанаттар бағы кеңейті­ліп, үрлемелі аквапарк орнатылып, жаңа үйлер салынған.

Гүлгүл ҚУАТҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp