«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Заңдастыру мерзімі ұзаруы мүмкін

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шетелдік көліктерді заңдастыру 1 шілдеден кейін де жалғасуы мүм­кін. Бұл туралы Ішкі істер министр­лігінің Әкімшілік полиция комитетінің “Ашық НҚА” порталында жариялаған қаулы-жобасында жазылған.

“Азаматтарға заңдастыру шартта­ры туралы алдын ала хабарлан­ға­ны­на қарамастан, көптеген авто­мобиль­дер бұрынғы тіркеу орны бо­йынша есептен шығарылмаған. Тір­кеу әре­кет­те­рін жасауға тыйым са­лулар мен шектеулерге байланысты заңдас­тырудан өтпеген көліктер де жоқ емес.

Мәселен, 8 маусымдағы жағдай бойынша 365 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Бұл ретте тек 144320 ав­то­мобиль бастапқы тіркеуден өтті, тағы 14 мыңнан астам көліктің нөмірі тексерілді. Осыған байланысты, егер тиісті өтініштер 2023 жылғы 1 шіл­де­ге дейін жолданған болса, аза­мат­тар­ға автомобильдерді кейіннен заң­дастыру мүмкіндігі беріледі”, – деп жазылған өзгеріс енгізілгелі отыр­ған Үкімет қаулысының жоба­сында.

Құжат 23 маусымға дейін көпші­лік талқылауда болады. Кейін қол қою үшін Премьер-Министрге жолданады.

Еске салайық, 23 қаңтардан бас­тап елімізде шет мемлекет­терден заңсыз әкелінген көліктерді тіркеу басталды. Ол 1 шілдеге дейінгі ара­лықта жүреді. Көлікті заңдастыру ту­ралы өтініш қабылданғаннан кейін көлік иесі бастапқы тіркеу алымы ретінде 200000 теңге, техпаспорт үшін мемлекеттік баж салығына – 4313 теңге, мемлекеттік нөмір үшін баж салығы ретінде 9660 теңге тө­лейді. Тіркелетін көлік үшін утиль алы­мын төлеудің қажеті жоқ. ЕЭО елде­рінен келген көлікті кедендік та­зар­тудан өткізеді, ал қырғызстандық тех­ни­каны кедендік салық айырмасын төлегеннен кейін ғана біздің елде тіркеуге болады. Оның сомасын кез келген м­а­ман­дан­ды­рылған ХҚКО-дағы Мем­ле­кеттік тіркеу коми­те­тінің маманы есептеп береді.

Бұған дейін депутаттар аталған санат­тағы көліктерді заңдастыру уақытын ұзартуды ұсынған болатын. Олардың пайы­мын­­­­ша, арзан әрі сапалы “темір тұл­парлар” қазақстан­дықтарға отба­сын асыраудың негізгі құралы болып отыр.

Артынша, жұртшылық наразы­лығы мен белсенділер бастамасы не­гізінде конструктор-көліктер де заң­дас­тырылатын болды. Бұған қатыс­ты Үкімет қаулысы шығып, 22 ма­мыр­да оларды тіркеу басталып кеткені белгілі.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp