«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Абыройлы міндет

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңір басшысының бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов облыстық әкімдікте өткен жиында мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Әртүрлі мемлекеттік құрылым салаларында еңбек ететін 4 мыңнан астам мемлекеттік қызметші Президент айтқандай, жеке бастың бақ-дәулетін арттыратын емес, халықтың алдында жауапкершілік арқалайтын мамандықты жандарына серік етіп, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосып келеді.

– Ұлт мәртебесі мен ел абыройын асқақтатар мемлекеттік қызметші болу – зор міндет әрі үлкен жауапкершілік. Мемлекеттік қызметші қай кезде де биліктің бет-бейнесінің, іскерлік қабілетінің көрсеткіші іспеттес. Дана халқымыз “Билігі мықты елдің тірлігі құтты” деп бекер айтпаған. Мемлекеттік қызметшінің халқына сіңірген еңбегі Отанына, халқына адал қызмет етумен бағаланады, – дей келіп, Марат Иманбайұлы бір топ мемлекеттік қызметшіге сый-сияпат көрсетті.

Марапатқа бөленгендердің бірі – Райхан Иманбаева Мағжан Жұмабаев ауданы, Лебяжье ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы болып істейді. Облыс әкімінің Құрмет грамотасын иеленген оның бұл саладағы жұмыс өтілі 20 жылдан асады. Салалық республикалық додада “Жергілікті атқарушы органның үздік әдеп жөніндегі уәкілі” аталымын жеңіп алған облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Сейілхан Серікбаевқа да қошемет көрсетілді.

Мемлекеттік қызметтің беделін арттыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен аумақтық бөлімшелер арасында екі кезеңнен тұратын “Үздік әдеп жөніндегі уәкіл” байқауы өткізілген болатын. Осы сайыстың нәтижесі бойынша Петропавл қаласы әкімінің орынбасары Қалия Түренова үздік деп танылды. Ол мемлекеттік қызмет саласына саналы ғұмырының 20 жылын арнапты.

Салатанатты шара барысында мемлекеттік қызметке алғаш қабылданғандар халыққа адал қызмет етуге ант берді. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілер арасында ұйымдастырылған облыстық спартакиада жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар табысталды.

Жансая ҚАЙЫПОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp