«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕБАТ АКАДЕМИЯСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Қазақстанның болашағы үшін” ұйымының мұрындық болуымен өңірде басталған жазғы дебат академиясы өз жұмысын қорытындылады. Оның аясында іріктеліп алынған 45 қатысушы 3 күн бойы шешендік өнерлерін шыңдады.

Жалпы академияға қатысуға 70-тен астам адамнан өтініш түскен. Облыс орталығындағы колледждер мен аудандардағы білім ордаларынан білікті жастар таңдалып, оқытуға жолдама алған. Оларға осы салада жетістікке жеткен Темірлан Мейрам, Ролан Мұхитжан, Мадика Қабжанова сынды жастар түрлі тақырыптар бойынша сабақтар өткізіп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Сабақ барысында тәлімгерлер пікірсайыс тактикалары, көпшілік алдында сөйлеу өнері, пікірсайыс арқылы ағылшын тілін үйрену, дебатқа әділ төрешілік ету бағыттары бойынша білгендерін ортаға салды.

– Мұнда жолдама алу үшін үміткерлер іріктеудің бірнеше кезеңінен өтті. Бір қызығы оқытуға өзге өңірдерден өтініш бергендер де болды. Біз пікірсайыс қозғалысын аудандарда дамытқымыз келетіндіктен, ауылдағы жастарға басымдық бердік. Кейін олар оқып-тоқығандарын өзгелерге де үйретері анық, – дейді академия ұйымдастырушысы Рүстем Арманов.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp