«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ИСПАНИЯДА ТОП ЖАРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қазақстандық “Astana Qazaqstan Team” командасының велошабандозы, жерлесіміз Алексей Луценко Испанияда өткен додада кезекті жеңісіне жетті. Ол “Circuito de Getxo” жарысына қатысып, Бильбао мен Гечо елді мекендерінің арасындағы 193,3 километр қашықтықта алдына қара салмай, мәре сызығын 4 сағат 19 минутта кесіп өткен. Аталған додада екінші орынды қазақстандық спортшыдан 24 секундтан кейін жеткен франциялық Тони Галлопин иеленсе, үшінші орынға “Astana Qazaqstan Team” командасының мүшесі Симоне Веласко тұрақтады.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp