«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАЛАҚЫНДЫҚТАР ШАҢ ҚАПТЫРДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірімізде ұлттық спорт түрлерінен “Қызылжар – 2023” облыстық фестивалі аяқталды. Үш күнге созылған додада он үш ауданның кіл мықтылары спорттың 12 түрі бойынша сайысты. Осы үш күнде үздік деп танылған спортшылар республикалық додаға қатысатын өңір құрамасының сапына енеді.

Жыл сайын өткізілетін спартакиадаға шалақындықтар тиянақты дайындалғанға ұқсайды. Дода қорытындысы бойынша Шал ақын ауданының командасы ұлттық спорт түрлерінен облыстық фестивальдің чемпионы атанды. Шал ақын ауданы командасының көрсеткіштері мынандай: бес тас – 1 орын, тоғызқұмалақ – 1 орын, аударыспақ – 1 орын, қазақша күрес – 1 орын, түйе палуан – 1 орын, жекпе-жек – 2 орын, бәйге – 3 орын, теңге алу – 3 орын.

Қызылжар ауданының командасы екінші орынды иеленсе, Ақжар ауданы үшінші орынға тұрақтады. Келесі жылы “Қызылжар – 2023” облыстық фестивалі Айыртау ауданында ұйымдастырылады. Доданың соңғы күні сайыс туы аталған ауданға табысталды.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp