«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жолдағы қайғылы жағдай

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мағжан Жұмабаев аудандық по­лиция бөліміне Қарақоға мен На­деж­ка ауылдарының арасындағы жол­дың ше­тінде еш қимылсыз екі адам­ның жат­қаны туралы хабарла­ма келіп түскен. Оқиға орнынан полиция қыз­меткер­лері осы ауданның 38 және 35 жастағы тұрғындарының денесін тапты. Сондай-ақ жақын жер­де балаларға арналған қо­ларбада жат­қан кішкен­тай сәби табылған.

Қазір бала орталық аудандық ау­руханадағы балалар бөлімінің бақы­лауына алынған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Образец ауы­лында сыртқы зақымдары бар “Toyota Land Cruiser” автокөлігі анықталды. Автокөліктің иесі, Петропавл қала­сы­ның 39 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол екі жаяу жүргіншіні қағып кеткенін және оқиға орнынан кетіп қалғанын айтқан. Медициналық куә­ландыру “Тoyota Land Cruiser” жүргі­зушісінің мас еке­нін көрсетті. Аталған факті сотқа де­йінгі тергеп-тексерулердің бірың­ғай тізіліміне тір­келді. Сараптамалар тағайын­далды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp