«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Шұғыла” – жүрек

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Адамзат үшін мыңдаған жылдар өтсе де ешқашан құндылығын жоймайтын қасиетті ұғымдар бар. Мейірім, махаббат, сұлулық – ғасырлар бойы адам баласының бейбіт өмірінің ұйытқысы болып келе жатқан құндылықтар. Жас ұрпақтың бойына осындай асыл қасиеттерді сіңіру маңызды. Айналаға мейіріммен қарайтын, сұлулықтың мәнін ұғатын,  жүрегі махаббатқа толы жандар ғана біртұтас әлемнің бөлшегіне айналып, толыққанды өмір сүрмек. Жастардың бойына адами қасиеттерді сіңіріп, ұлттық жадын оятуда поэзияның алар орны ерекше. Сұлу жыр адасқанды жолға салып, шаршағанға қуат берер құдіретке ие. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының қабырғасында “Шұғыла” ақындар ұйымы жұмыс істейді. Жаңа оқу жылы басталысымен аталған ұйымның да жұмысы қарқын алып, дарынды жастар түрлі іс-шараларға қатысуда.

Ұйымның өткеніне шолу жасап, алдағы жұмыстарды айқындау үшін университетте жас ақындардың басын қосқан “Жас автор” әдеби кеші ұйымдастырылды. Кешке қатысқан Ақәділ Талапбеков, Тәттігүл Жалелова, Әлия Үйсін  сынды жас дарындар өз өлеңдерін, Жанар Баяхметова – Мұқағали Мақатаевтың, Алуа Кеңесбай – Бақыт Беделхан, Ерлан Жүніс сынды ақындардың туындыларын төгілте оқыды. Өркенбек Нұри әсерлі кешті әсем күймен әрледі. Шара қатысушылары кейінгі буынның әдебиет пен өнерге деген қызығушылығының төмендеп бара жатқанына алаңдаушылығын білдіріп, өз ойларын ортаға салды. Кеш соңында ұйым жетекшісі, университеттің аға оқытуышысы Жанар Құлыбекова талапкерлерге сәттілік тілеп, бірқатар ұсыныс айтты.

 Назым ӘСКЕР,

 “Шұғыла” жас ақындар ұйымының төрайымы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp