«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Апатты үйлер сүріледі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда реновация бағ­дарламасы бойынша 6 апатты көпқабатты үй сүріледі. Бұл жайында облыс әкімі Ғауез Нұр­мұхамбетов әлеуметтік желі­дегі парақшасында жариялады.

Жалпы қаланың тұрғын үй қорын жа­ңарту, апатты және ескі баспана­ларды бұзу, сүру – өзекті мәселелер­дің бірі. Осы ретте өңірде “Жаңа қала” атты реновация бағдарламасы жүзеге асуда. Бұл жобаның арқасын­да ескі және тозығы жеткен тұрғын үйлер сүріледі, баспана қоры жаңа­рады, қалалықтардың үй жағдайы жақсарып, коммерциялық үйлердің құрылысы көбейеді.

– Бұл бағдарлама аясында облыс орталығында 3 көпқабатты үй салынуда, 3 миллиард теңгеден ас­там инвестиция тартылды. Биыл апатты жағдайдағы 6 көпқабатты үй сүріледі. Реновация бағдарламасы­на қатысу үшін жеке құрылыс компа­нияларын көбірек тарту қажет, – деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұ­хамбетов.

Аталған бағдарлама бе­кітілгелі бері облыс орталығында ескі кварталдар орнына көр­кі көз тартатын зәулім үйлер көптеп салы­на бастады. Коммерциялық үй құрылысын салуға инвесторларды ынта­ландыру да өз жемісін берді. Осы күнге дейін Алтынсарин көшесі бо­йында 45 пә­терлі үй тұрғы­зылды. Ал қазір Нова­тор, Жамбыл көшелерінде 72 және 104 пәтерлік екі, аудандарда 222 пә­терлік бес үйдің құрылысы жалға­суда.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp