«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Ұлпан” романының қолжазбасы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық тарихи-өлкетану музейіне бас сұққан мейман­дарды құнды жәдігер – көркемсөздің зергері, жерлес жазушы Ғабит Мүсіреповтің “Ұлпан” романының қолжазбасы қызықтырады. Туындының мәтіні араб графикасымен торкөз дәптер парақтарына қарындашпен жазылған. Қолжазба 240 беттен тұрады.

“Ұлпан” – 1974 жылы ел шежіре­сінің мазмұны негізінде жазылған тарихи романдардың бірі. Бұл роман үш бөлімнен және жиырма төрт та­раудан құралған. Ұлпан романында тоқсанға жуық образ бар. Маз­мұнына үңілсек, ХІХ ғасырдың ІІ жар­тысында киелі Қызылжар жерінде болған оқиғалар туралы, онда өмір сүрген адамдар – Есеней би мен оның әйелі Ұлпан туралы баяндала­ды. ХІХ ғасырдың ортасындағы қазақ өмірі мен тарихының көркем энциклопедиясы деп атауға болады.

“Кедейлік, жігерсіздік, жоқтық ше­гіне жеткен зардабын Ғабит Мү­сірепов “Этнографиялық әңгі­ме” атты шынайы суреттеулерге толы әңгімесінде ашып көрсетті, сатиралық образ жасады. Ал “Ұлпан” романындағы кедейлік басқаша сипатта. Елге жаңару керек. Заман лебі солай соғады. Ұлпан соны түсі­ніп, Есенейдің бес мың жылқысының жартысын қол астындағы елге бөліп береді. Туған жұртының әл-ауқатын көтеруге ол жанын салады. Артынан тұрмысы түзелген, тоғайған ел Есе­нейден ештеңе дәметпейтін бола­ды. Бұл – Ұлпандай дана әйелдің арқасы екенін Ғабең сүйсініп сурет­тейді. Романның қолжазбасын көр­генде басқаша сезімде болдым. Сөз­бен жеткізе алмайтын әсер”, – дейді қала тұрғыны Асқар Әліпбаев.

Самрат ҚҰСКЕНОВ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp