Айыртау ауданының Саумалкөл ауылындағы агротехникалық колледжде “Төрт тоқсан – төрт өнер” жобасы аясында және Республика күніне орай жас ақындар айтысы өтті.
Бұл жобаның басты мақсаты – студенттерді ұлттық мерекелер, халықтық әдет-ғұрыптар негізінде адамгершілікке тәрбиелеу, ұлттың рухани игілігін мұра ету, тұлғааралық және этносаралық қатынастар мәдениетіне қол жеткізу.
Агротехникалық колледжде өткен ақындар айтысында өнерлі студенттер екі кезең бойынша бақ сынады. Бірінші кезеңде 1, 2, 3 курс студенттері арасындағы іріктеу айтысы өтті. Екінші кезеңнің жартылай финалында кіл мықтылар ақтық сында бақ сынауға таласты. Шығармашылық байқауды қорытындылаған қазылар алқасының шешімімен 1-ші орын Ербол Ешімбайға, 2-ші орын Жанар Құдайбергеноваға, 3-ші орын Жазира Есеналинаға бұйырды. Айтыскерлер арнайы дипломмен марапатталды. Жеңімпаздарға колледж ұйымы атынан бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Меруерт КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ,
“Soltüstük Qazaqstan”.