«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Көлік жуатын авторобот

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық полиция департаменті тылдық қамта­масыз ету басқармасының автокөлік шаруашылы­ғында автоматтандырылған заманауи көлік жуғыш қондырғысы іске қосылды.

Бір ерек­шелігі, ол толығымен авто­мат­тандырылған. Бір көлікті жуу­ уақыты 5-6 ми­нут. Бір сағаттың ішінде 12 жеңіл ма­шина жуылады. Қондырғы жүк көлік­тері мен автобустарды да жуа алмайды. Бұрын қызметтік авто­көліктер қолмен жуылып, 30 минут немесе одан көп уақыт ала­тын. Енді автокөлік шаруа­шы­лы­ғының аумағындағы ар­найы бокс­та облыстық және қа­лалық патрульдік полиция батальон­да­ры­ның, департамент аппара­ты­ның жеке құрамы күн сайын қызметтік автокөліктерін жуа алады.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp