«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сарбаздарға — оқу гранты

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы 6637 әс­кери бөлімнің 16 сарбазы бі­лім грантына ие болды.

Конкурстық іріктеуге республика­дан 2022 жылғы көктем және күз мезгілдерінде Отан алдындағы бо­рышын өтеуге шақырылған 17 253 сарбаз қатысты. Үміткерлер туралы деректер Қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланып, араларынан ең үздік нәтижеге жеткендері іріктеліп алынды.

Қорғаныс министрлігінің қолда­уы­мен жүзеге асырылған бағдарлама аясында сарбаздың әскерге келген күннен бастап қызмет атқару кезін­дегі бағалары, әскери дайындығы басты өлшем ретінде бағаланып, ұпай қойылды. Рейтинг автоматты жүйемен есептелді. Бұдан бөлек, әскери өмірдегі саламатты дағ­ды­лар, түрлі іс-шараларға белсенділік­пен қатысуы да ескерілді. Кейін қорытындысы шығарылып, соған орай білім гранты табыста­лды. Әскери қызметтен кейін сарбаз екі жыл ішінде ҰБТ тапсырмай-ақ жо­ғары оқу орнына түсуге құқылы. Өзі таңдаған оқу орнындағы әскери кафедраға емтихансыз қабылда­нады.

Білім серификатына ие болған­дардың бірі – Бекзат Аманжол. Ол Алматы қаласынан келіп, осында азаматтық борышын адал атқарып жүр. 10 ай ішінде 692 ұпай жинап, университет грантын жеңіп алды.

“Грант жеңіп алғаныма өте қуа­ныш­тымын. Елге оралған соң Атырау қаласындағы С.Өтепов атындағы мұнай және газ университетінің ин­женер мамандығына құжаттарымды тапсырмақпын. Колледжді бағдарла­машы мамандығы бойынша бітірген дипломым бар”, – дейді ол.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp