«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Алаяқтықтың кең таралған әдістері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Алаяқтар азаматтардың қалтасын қағу үшін алдап-арбаудың жаңа тәсілдерін ойлап табуда. Алдау схемалары әртүрлі болуы мүмкін: банк клиентінің бейтаныс сілтемені басуы, құпиясөзді бұзу, желіде алдамшы ұсыныстар беру және т.б. Алайда азаматтар өздерінің желідегі қауіпсіздігі қаржылық және ақпараттық сауаттылығының деңгейіне тікелей байланысты екенін есте ұстауы керек.

Мысалы, алаяқтар өз тауарла­рын немесе қызметтерін интернетте түрлі сайттарда арзан бағамен ұсы­нады, сонымен қатар жылдам жет­кізуге де уәде береді. Клиент елік­тіретін ұсынысқа назар аударады, содан кейін одан алдын ала төлемді онлайн режімде ішінара немесе толық көлемде әдетте үшінші тұлға­ға рәсімделген шотқа аударуды сұ­райды. Алдын ала төлемді алғаннан кейін тапсырыстар орындалмайды. Мұндай алаяқтарды табу өте қиын, себебі олар шын мәнінде шифрлан­ған деректерді пайдаланып, басқа елде болуы мүмкін.

Көбіне басқа адамдардың ақша­сын іздеушілер түрлі банктердің клиенттеріне жеке телефон нөмір­леріне қоңырау шалады. Мысалы, онлайн-банкинг пайдаланушысына банктің жалған менеджері мен қауіпсіздік қызметінің бастығы хабар­ласуы мүмкін. Олар клиенттің карта­сын пайдаланып күдікті қаржылық операциялар жүргізіліп жатқандығы туралы ойдан шығарылған оқиғаны хабарлайды. Бұғаттау үшін төлем картасының артындағы үш таңбалы нөмірді, SMS-кодты сұрайды. Бар­лық қажетті деректерді алғаннан кейін алаяқтар интернет-банкингке қосылып, бірнеше минуттың ішінде клиенттің онлайн-шоттарындағы бар­лық ақшаны ұрлап алады. Клиенттің картасын өз мақсатында пайдалану үшін алаяқтар оның нөмірін, иесінің атын, жарамдылық мерзімін, карта­ның артындағы нөмірді білуі керек.

Сонымен бірге қоңырау шалу немесе SMS арқылы жасалатын алаяқтық түрі жиі кездеседі. Клиент­ке оның абоненттік нөмірі компания­ның байқауында жеңіске жеткені ту­ралы қуанышты жаңалық жеткізіледі. Жүлдені басқа қаладан алып кетуге немесе ақшалай банк картасына аударып алуға ұсыныс жасалады. Ол үшін олар адамның жеке дерек­те­рін, түрлі қосымшаларды жүктеуді сұрай­ды да, ақшаны ұрлап алады.

Алаяқтар көп жағдайда сатып алушыға айналып шыға келуі мүмкін. Олар сатушының телефонына та­уарға ақша төлеуге қажет деген сылтаумен деректерді толтыру үшін сілтемелер жібереді. Сатушы осы сілтеме бойынша өткен кезде оның шотынан автоматты түрде ақша алынады, төлем карточкасының иесі оны білмей де қалады, бұл арнайы зиянды бағдарламаның көмегімен жүзеге асырылады.

Алаяқтардың құрбаны болмас үшін нені білу керек? Біріншіден, жеке деректеріңізді, оның ішінде пластикалық карталардың деректе­ме­лерін ешкімге айтпаңыз, ауда­рым­дар туралы түбіртектерді, әсіре­се кодтар мен кодтық сөздерді еш­кімге жібермеңіз. Тексерілмеген жә­не күмәнді ақпарат көздеріне, мы­салы, белгісіз адамдарға сенуге болмайды.

Мынадай қауіпсіздік ережелерін сақтаңыз:

– ешқашан күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, әйтпесе алаяқтар сіздің же­ке деректеріңізді пайдаланып шотта­ғы ақшаны автоматты түрде шешіп алады;

– бейтаныс нөмірге өзіңіз қайта қоңырау шалмаңыз;

– өзіңіз білмейтін барлық белгісіз сайттарды интернет арқылы тексе­ріңіз, шолуларды қараңыз, ақпарат­ты талдаңыз;

– интернеттегі банкинг қызмет­терге кіретін құпиясөздерді жиі өз­гертіңіз, мамандарға жолығып, гад­жетке антивирус орнатуды сұраңыз;

– шоттардағы ақша қозғалысын, қанша қаражат түскенін және қашан жұмсалғанын үнемі тексеріп оты­рыңыз;

– егер сіз интернет арқылы зат са­тып алсаңыз, операцияларды рас­тау үшін құпия кодты ешкімге айт­паңыз. Ол әдетте SMS арқылы келеді;

– егер сізге күтпеген жерден “банктен” сіздің шотыңызға қаражат аударылғаны туралы SMS келіп түссе, одан кейін сізге белгісіз адам қоңырау шалып, ақшаның қате ауда­рылғанын айтып, оны қайтаруды сұраса, онда оның айтқанын жасауға асықпаңыз. Бұл алаяқтар болуы мүмкін. Яғни, сізге ақша түскен жоқ, ал SMS – жалған. Сондықтан, бұл жағдайда барлық шоттарыңызды дереу тексеріп, онлайн-банктен үзін­ді-көшірмені қараңыз немесе оны онлайн-банкинг арқылы ата-анаңыз жасасын;

– телефоныңызға “Сатып алуды растаңыз” деген хабарлама және код келіп түссе, сосын бірден сізге бел­гісіз адам қоңырау шалып, сіздің те­лефон нөміріңізді қате көрсеткенін, телефоныңызға келіп түскен кодты айтып жіберуді сұраса, ешқашан айт­қанын орындамаңыз. Қылмыскер­лерге сізден алған код шотыңыздан ақша алу немесе сізді қажет емес ақылы қызметке жазу үшін қажет.

Желідегі аккаунттарыңызға се­нім­ді құпиясөздерді қалай жасауға бо­лады? Сенімді құпиясөз жеке де­ректеріңізді қорғауға, хаттарыңызды, файлдарыңызды және басқа мате­риалдарыңызды құпия сақтауға және аккаунттарыңызды бұзуға ты­ры­сатын алаяқтардан аулақ болуға көмектеседі.

Құпиясөз кемінде 12 таңбадан тұруға тиіс. Бұл – әріптердің, цифр­лар­дың және басқа белгілердің кез кел­ген топтамасы болуы мүмкін. Құ­пия­сөз неғұрлым ұзақ болса, соғұр­лым сенімді болады. Мысалы, әннен немесе өлеңнен алынған жол; бел­гілі адамның фильмінен немесе сөзі­нен алынған цитата; кітаптан алын­ған цитата; сіз үшін мағыналы фраза; аббревиатура (мысалы, сөй­лемдегі әр сөздің бірінші әріпте­рінен).

Сенімді құпиясөзді орнатқаннан кейін оның қауіпсіздігіне назар ау­дарыңыз. Жазылған құпиясөз­дерді қауіпсіз жерде сақтаңыз. Егер құпия­сөздерді ұмытпау үшін жазып қою қажет болса, оларды, мысалы, үс­тел­дің үстіне қалдырып, компьютер мониторына жабыстырып кетпеңіз, телефон жазбаларының ішінде сақ­тамаңыз. Интернетте кез келген қар­жылық операцияларды жасағанда сақ болыңыз.

Алма ДӘУРЕНБЕКОВА,

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Петропавл қаласындағы өңірлік өкілдігі басқармасының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp