«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жүлдегер оқытушылар

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қостанай қаласында “World-Skills” стандарттары бойынша көлік және байланыс саласындағы техникалық, кәсіби білім беру оқытушылары арасында республикалық кәсіби шеберлік байқауы өтті.

Бұл сайыста облыс намысын Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіптік-педагогикалық колледжінің оқытушылары Владимир Сафронов пен Әділ Сатыбалдиев қорғады. Орта арнаулы білім ошағының мұғалімдері тәжірибе жүзінде оқушылармен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Нәтижесінде Владимир Сафронов сарапшылық сертификатын алса, Әділ Сатыбалдиев “Medallion for Excellence” иегері атанды.

“Мен бұл байқауға бірнеше ай бойы дайындалдым. Қарсыластарым да осал болмады.  Біздерге берілген тапсырма жеңіл болды деп айта алмаймын. Бұрын көрмеген техникаларды құрастыру міндеті жүктелді. Байқау шарттарынан сүрінбей өтуге жинаған тәжірибем мен білімім көмектесті”, – дейді Әділ Сатыбалдиев.

“Qyzyljarnews.kz”

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp