«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АБАЙЛАҢЫЗ, РӨЛДЕ – МАС ЖҮРГІЗУШІ!

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста соңғы 10 айдың ішінде мас жүргізушілердің кінәсінен 23 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 6 адам қаза тауып, 30-ы түрлі дене жарақатын алды.

Қарашаның 7-12 күндері аралығында өткен “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында облыс полицейлері 29 мас жүргізушіні анықтады.

Ғабит Мүсірепов атындағы аудандағы ауылдардың бірінде тәртіп сақшылары “ВАЗ 2106” автокөлігін тізгіндеген жүргізушіні тоқтатқан. Медициналық куәландыру оның  мас күйде болғанын көрсетті.  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабына (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мас күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық мас күйдегі адамның басқаруына беру)  сәйкес ауыл тұрғыны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынуы және 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

– Іс-шара барысында облыс жолдарында 2473 құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде жылдамдықты асырудың – 146, маневр жасау ережелерін бұзудың – 50, жаяу жүргіншілерге жол бермеудің – 40 дерегі бар. 26 жүргізуші бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кеткен. Бұдан бөлек, 280 жүргізуші көлік басқару кезінде қауіпсіздік белдігін пайдаланбаған, 201-і көлік тізгінінде телефонмен сөйлескен. 389 жүргізуші жолдың рұқсат етілмеген жерлерінен және бағдаршамның қызыл түсіне өткені үшін жауапкершілікке тартылды, – дейді облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Әсет ҚАНАФИН.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp