«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Мұз айдынындағы тартыс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында “Құлагер” хоккей клубы өз мұз айдынында қарағандылық “Сарыарқа” командасын қабылдап, екі ойын өткізді. Біріншісінде жерлестеріміз қонақтарды қапы қалдырса, қарымта кездесуде есе жіберді.

Ел біріншілігінде жерлестеріміз 10-шы орында келеді, “Сарыарқа” клубы 6-шы сатыда тұр. Турнир кестесіндегі айырмашылыққа қарамастан бірінші ойында  айдын иелері азулы қарсыластарын 5:1 есебімен жеңді. Ойынның бірінші кезеңінде солтүстікқазақстандықтар сапынан Иван Казаченко көзге түссе, кездесудің екінші бөлімінде Герман Грачев нәтижелі соққы жасады. Көп ұзамай қонақтар есепті қысқартқан. “Сарыарқа” ойыншысы Глеб Зайцев көзге түсті. Артынша “Құлагер” хоккейшісі Денис Сергушкин есепті 3:1-ге дейін жеткізді. Кездесудің үшінші бөлігінде Денис Черевач пен Герман Грачев нәтижені ұлғайтты.

Қарымта ойында солтүстікқазақстандық команда жеңіліп қалды. Кездесуді құлагерліктер шабуылмен бастап, қарсылас қақпасына 2 шайба салған. “Сарыарқа” ойыншылары бір нәтижелі соққымен жауап қатқан. Екінші кезеңде “Сарыарқа” клубының хоккейшілері таразы басын теңестіріп, кейін есепте алға шықты. Ал ойынның үшінші бөлімінде қонақтар тағы бір нәтижелі соққы жасап, матч 2:4 есебімен аяқталды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp