«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Атажұртта оқып жүр талай қазақ баласы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

2016 жылы М.Қозыбаев атында­ғы Солтүстік Қазақстан университеті жанынан заман талабына сай жаңа форматтағы білім беру ортасын құру мақсатында “Foundation” факультеті ашылған болатын. Факультетте білім алып жатқан ұлты қазақ шетел азаматтарының 9 ай ішінде ҰБТ-ға дайындалып, келесі жылы жоғары оқу орнына грантпен түсуге мүм­кіндігі мол.

Жуырда білім ордасы қабырға­сында факультеттің биылғы қабыл­данушыларына арналған мерекелік кеш өтті. Биыл факультетке Моң­ғолия, Қытай, Өзбекстан, Түркі­менстан және Ауғанстан елдерінен 52 қазақ ұлтының азаматы қабыл­данған. Олардың 43-і мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, 9-ы ақылы негізде оқуда. Мерекелік шараға қатысқан облыстық ішкі саясат басқармасының өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғамдық бірлестіктердің, кітапханалардың мамандары сөз сөйлеп, талапкерлерге сәттілік пен табыс тіледі.

“Foundation” оқытушылары үміт­керлерді жаңа ортаға бейімдеу үшін оларды университетішілік, қалалық, облыс­тық мәдени-спорттық іс-шараларға жиі қатыстыруды көз­деуде. Бүгінде мамандар “Дүние­жүзі қа­зақтары қауымдастығы” рес­публи­калық қо­ғамдық бірлес­тігінің облыстық фи­лиалымен, “Отан­дастар” қорымен ынтымақ­тастықта жұмыс істеуде.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp