«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АШЫТҚЫ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ САЛЫНАДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов “PROSOL” компаниясының басқарушы директоры Даниэле Бонвичинимен кездесті. Италиялық инвестор Петропавлдағы “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағында азықтық ашытқы шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр.

Италиялық компания арнайы эко­­номикалық аймақ қатысушысы ре­тінде биылғы жылдың қараша айында тір­келген. Еуропадан келген инвестор мейман отандық кәсіпкер­мен бірлесе өңірге 1,5 млрд. теңге көле­мінде инвести­ция салмақшы. Негізгі мақсаты – азық­тық ашытқы зауытын салу. Әзірге мұндай тауар­ды облыс­та бір­де-бір кәсіпорын шы­ғармайды. Бұл өнім жануарларға, құстарға және балықтарға биоқо­сымша ретін­де беріледі. Сонымен қа­тар құра­мажем дайындау кезінде қолда­ны­лады екен.

– Әлем бойынша мұндай өнді­рісті оң жолға қойған төрт-ақ компания бар. Соның бірі – біздің кәсіпорын. Солтүстік Қазақстан облысы аграрлы аймақ болған соң осындай азықтық ашытқы жоғары сұранысқа ие. Мемлекет бірнеше алпауыт ел­дермен шекаралас орналасқан. Облыс эко­номикалық тұрғыдан бизнес жүргізуге қолайлы. Осы факторларды ескеріп, зауыт салуға ниеттіміз, – деді “PROSOL” компаниясының басқару­шы директоры Даниэле Бонвичини.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің ауыл шаруа­шылығы саласындағы мүмкіндіктерін айтып, инвесторларға жасалатын жағдайды баян етті.

– Шетелдік ірі компания біздің өңірді таңдап, іс бастағалы жатқаны қуантады. Мен сіздердің зауыттары­ңызбен танысып шықтым. Өз тарапы­мыздан қолдау көрсетуге дайынбыз. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін! – деді облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Жоспар бойынша өндіріс ошағы­ның құрылысы 2024 жылдың көкте­мінде басталады. Зауыт 2025 жылы іске қосылмақшы. Тың жоба жүзеге асырылса, 40 жаңа жұмыс орны ашы­лып, дайын өнім толығымен ше­телге экспортталады. Бүгіндері инвесторлар М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің басшылығымен келіссөздер жүргі­зуді қолға алды. Жоғары оқу орнында жаңа кәсіпорынға қажет мамандар даярланбақшы.

Байболат ҚҰЛТАНОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp