«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жануарларды таңбалауға міндетті

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Үй жануарларын есепке алу қа­ғидаларына және есепке алуға жататын үй жануарларының тізбе­сіне сәйкес 2023 жылғы 1 қыр­күйектен бастап, үй жануарларының иелері есепке қоюға міндетті.

Облысымызда жануарларды есепке алу жөніндегі “ТАNBA” ақпа­раттық сервисі жұмыс істейді. Онда бүгінгі күнге дейін 6950 үй жануары есепке қойылды. Бұл мәлімет күн сайын өзгеріп жатыр.

Бүгінгі таңда жануарларға чипті Петропавл қаласының ветерина­риялық клиникалары салады. Ау­дандар мен Петропавл қаласының ветеринариялық стансалары об­лыстағы халықтың әлеуметтік осал топтарының үй жануарларына чипті тегін салады.

Чип салу жануарларға жауап­керші­лікпен қарауға ықпал етеді және арнайы чиптерді қолдана оты­рып, жануарларды таңбалаудың қауіпсіз және заманауи әдістерінің бірі болып табылады. Жануарға чип салу – ауырсындырмай жасалатын процедура.

Заманауи бірдейлендіру әдісте­рі жануарлардың ауысып кетпеуін қамтамасыз етеді, құтырма ауруына және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы вакцина егілмеген жануар­лардың тасымалдануына жол бер­мейді. Чип салу – жануарларды иеленуге қатысты даулар туындаған кездегі маңызды дәлел.

Чип дербес 15 таңбалы сандық кодтан тұрады, ал жануар мен оның иесі туралы ақпаратты сақтау үшін чип салынған жануарлардың элек­трондық дерекқорлары пайдала­нылады. Он бес сандық ұяшық жа­нуардың өмір бойы қауіпсіз және сенімді түрде бірдейлендірілуіне, алдағы жүз жыл ішінде нөмірдің қай­таланбауына кепілдік береді, ал биоүйлесімді шыны микрочиптің жыл­жып кетуіне жол бермейді. Де­мек әр жануар өмір бойы сақтала­тын бірегей сәйкестендіру кодын алады. Оны толықтыру немесе өзгерту мүмкін емес. Оның өзгермей­тіндігі – микрочип нөмірлерінің жал­ған болмауының кепілі. Чиптен ақ­паратты оқу саны шектелмеген. Мик­рочип қуат көзін қажет етпейді және өздігінен сәуле таратпайды, тек сканерлегенде көрінеді.

Құрметті үй жануарларының иелері, осы мәселеге жауаптылықпен қарап, үй жануарларына қамқорлық жасауды сұраймыз. Сіздер чип салу мәселесі бойынша өз ауданыңыз­дың ветеринариялық стансасына жүгіне аласыз.

Мадиан ТҰЙҒЫМБАЕВА,

облыстық ветеринария басқармасының ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp