«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Кликфрод – алаяқтықтың жаңа түрі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Веб-коммуникацияның дамуы­мен көптеген кәсіпкерлер өз тауар­лары мен қызметтерін онлайн жар­нама арқылы өткізеді. Алаяқтар да уақытпен қатар жүріп, алаяқтықтың жаңа түрлерін ойлап табуда. Мысалы, кликфрод, оны кликтеу деп те атайды.

Кликфрод (ағыл. “сlick fraud” – алаяқтық клик) – бұл жарнама беру­шінің шығындарын ұлғайту үшін арнайы адамдар немесе боттар қандай да бір жарнамалық сілтемені ба­сатын іс-шаралар кешені. Клик­фродтан жарнама, маркетинг агенттік­тері, интернет кеңістікте тауарлар мен қызметтерді сататын кәсіпкерлер зардап шегуі мүмкін.

Алаяқтар кликфродты “Pay per click”, яғни, әр клик үшін ақы қағида­ты бойынша контекстік жарнамада пай­даланады. Алаяқтық схемасы мынадай: алаяқ жарнама берілген бан­нерді бірнеше рет басады, содан кейін жарнама берушінің веб-сайтынан жылдам шығып кетеді. Клик­­фрод алаяқтар жарнама үшін пайдаланушының клик бас­қа­нын білдіретін автоматтандырылған скриптерді немесе бағдарламалар­ды пайдаланады. Нәтижесінде ком­панияның жарнамалық бюджеті не­месе сайт иесінің табысы таусылып, алаяқ сайттарға трафикті енгізу ар­қылы ақша алады, бұл жарнаманы басу санынан жинақталған табыс әкеледі.

Жыл сайын жарнама агент­тік­тері, брендтер мен жарнама берушілер кликфродтан шығынға ұшырау­да. Ірі интернет-порталдар мен іздеу жүйелері де кликфродтан зардап шегіп, шығындануда. Себебі олардың қызметтеріне деген сенім азаяды.

Кликфродтың негізгі белгілері:

– бір IP-мекенжайдан және бә­секелестердің сайттарынан ауысу санының көп болуы;

– сайттан тез – 1-2 секундтан кейін кететін келушілер санының күрт ұлғаюы;

– сайтқа кірушілер саны сатып алушылардың өсу қарқынынан арта бастайды;

– жарнамаға арналған бюджет­тің жылдам жұмсалуы және трафик­тің күрт өсуі;

– трафиктің нақты көзі геотарге­тинг өлшемдерімен сәйкес келуін тоқ­татады – жарнамалар пайдала­ну­­шыларға, мысалы Алматыдағы пай­­да­ланушыларға арналса да, клик­­тер шетелдерден болуы мүмкін.

Кликфродтың түрлері:

1. Клик фермалар – алаяқтар ар­зан құрылғыларда (көбінесе смарт­фондарда) жарнаманы қолмен ба­сып отыратын адамдарды жалдай­ды. “Клик фермалардың” қызметін бірдей деректермен өзара іс-әрекетті айқындау арқылы анықтауға бо­лады. Мысалы, бірдей ІР-мекенжайлар, браузерлердің нұсқалары, желілік провайдерлер, деректер та­рату жылдамдығы және тағы басқа.

2. Боттар – жарнама арқылы ауысатын және пайдаланушының тінтуірді қозғап, батырманы басу сияқты әрекеттерін қайталайтын зиянды бағдарламалық қамтылым. Сол себепті жарнама жүйелері пай­даланушымен емес, ботпен жұмыс істеп отырғандарын анықтай алмай жатады.

3. Бот-желілер – кликфродтың ал­дыңғы түрінен ауқымы жағынан ұлғайтылған түрі. Мұнда зиянды бағ­дарламалық қамтылым компьютер­лердің желісіне орнатылады және кликтерді жасанды түрде ұлғайта­ды. Бот-желілер белгісіз сайтқа кез­дейсоқ кірген пайдаланушының смартфонына мобильді құрылғы ор­ната алады. Ал әрі қарай бағдарла­малық қамтылым адам интернет-дүкенге белгілі бір тауар сатып ал­ғысы кеп кіргеніндей көрініс қа­лыптастырады.

4. Кликджекинг немесе көзге кө­рінбейтін жарнама – пайдаланушы­лар өздері аңғармастан, кликтердің санын ұлғайтады, себебі баннер­лер­дің, видеолардың немесе батыр­малардың үстінде орналастырыл­ған жарнаманы көрмей қалады. Бұл – көлемі бір пиксель болатын түссіз баннерлер болуы мүмкін.

5. Клоакинг-сілтемелер – бұл жағдайда алаяқтар сілтемені ауыс­ты­рып, пайдаланушы өзіне қажет парақшаның орнына өзіне трафик ұрлайтын басқа сайтқа кіріп кетеді.

Кликфродтан қалай қорғануға бо­лады? Өкінішке қарай, кликфродтан толық құтыла алмайсың, ол көптеген адамдар үшін тиімді, себебі іздеу жүйелеріне трафик керек. Алайда жарнама тазалығы қағидаларын сақтау және өз өніміңді дұрыс орна­ластыру арқылы одан қорғануға бо­ла­ды. Ең бастысы – үнемі сақ болу, жарнама форматтарын, алаңдары мен метрикаларын үнемі зерделеу. Мамандандырылған басылымдар кликфрод зерттеулерімен және жар­нама бюджетін қорғау тәсілдерімен жиі бөліседі және тіпті бір қарағанда ең қарапайым кеңестердің өзі қа­ра­жатыңызды сақтап қалуға көмек­теседі.

Ауқымы тар таргетинг алаяқтық ықтималдығын азайтады, ол үшін өзіңнің нысаналы сегментіңді ғана назарға алып, жарнаманы дәл соған бағыттау қажет. Жарнама алаңда­рының санын азайту арқылы олар­дың әрқайсысының тиімділігін мұқият қадағалауға болады. Авто­матты сүзгілерді пайдалану. Егер трафик күмән тудыратындай бел­сенді бола бастаса, бұл сүзгілер жар­намаға бюджеттің жұмсалуын тоқ­татады.

Сенімді агенттіктерге немесе делдалдарға жүгіну әрі жарнама­дағы заң бойынша тыйым салынған жұмыстардан алыс болу арқылы сізге алдымен жақсы табыс түсуі мүм­кін, ал одан кейін түсім азая бастайды.

Өнім берушілерден міндетті түр­де күн сайынғы есептер мен ашық та­лаптарды талап ету. Егер сіздің та­лабыңызды орындаудан бастапқы кезеңде-ақ бас тартқан болса, бұл – ойлантарлық жағдай. Сонымен бірге, есептерді талап етіп, алып тұру ғана емес, оларды өз бетіңізше зерделегеніңіз де маңызды.

Алаяқтардың назарын аудартпас үшін жарнама науқандарын үзі­лістермен өткізіп тұру. Әрбір жар­нама кезеңіне сомалары бір-біріне ұқсамайтын бөлек бюджет бөлу артық етпейді. Сол арқылы жарнама берушіге тартылатын алаяқтардың саны да аз болмақ, ал боттар үшін науқандарға талдау жасау қиынға соғатын болады.

Жарнаманы басуға қарсы сер­вистерді пайдалану, бірақ бұл ар­занға түспейді. Мұндай сервистер өз клиенттерін қорғау арқылы табыс табады, сол үшін де, әдетте, клик­фродпен күресетін алгоритмдері мен тәжірибесі бар. Олар қызмет­терін мүмкіндіктеріне қарай бағалай­ды, ал егер мүмкіндіктері көп болса, бағасы да жоғары болмақ.

Бүгінгі күні кликфорд интернет-жарнаманың сан алуан түрін қол­дануда, бірақ оны көбіне контекстік жарнамада пайдаланады. Өкі­нішке қарай, жалған кликтерді пай­далану арқылы әлеуетті клиент үшін күресте бәсекелесті расымен де шығарып тастауға болады. Клик­фродтан зардап шеккен жарнама бе­рушілердің көбі контекстік жарна­маның не себепті тиімсіз болғанын тіпті түсінбей жатады. Жарнама жа­сайтын сервистердің өздері бұл жағ­дайды жақсы түсінеді, олар қауіпті жойып, өздерінің контекстік жарна­ма беделінің түсуіне жол бермес үшін қолдарынан келгеннің бәрін жасауға тырысады.

Дина ТІЛЕУБАЕВА,

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Петропавл қаласындағы өңірлік өкілдігі басқармасының басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp