«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Суық тиіп ауырғандар көп

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыста өткен аптада 4 мыңға жуық адамға жіті рес­пираторлық вирустық ин­фекция диагнозы қойылды. Сырқаттанғандар бас ау­руы­на, дене қызуының көте­рі­луі­не, құлақтың шыңыл­дап, мұ­рынның бітелуіне, қатты жө­телге шағымда­нып, дәрігер­ге қаралған.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазан-қараша айларында өңірде ЖРВИ жұқтырудың 26 841 жағдайы тіркелген. Тек соңғы аптада 3926 адам ауырған. Бұл оның алдындағы аптамен салыстырғанда 42 пайызға артық. Науқастардың 2912-сі немесе 74 пайызы – 14 жасқа дейінгі бала.

“Облыста H3N2 типті А тұмауын жұқтырудың бір жағдайы тіркелді. Қауіпті инфекцияның әрі қарай та­рал­мауы үшін егу жұмыстары бел­сен­ді жүргізілді. Қазіргі уақытта об­лыс хал­қының 11 пайызы дертке қар­сы екпе алды. Дүниежүзілік денсау­лық сақ­тау ұйымының ұсынысы бо­йынша тұрғындардың кемінде 10 па­йызы екпе алуы тиіс. Өңірге ресейлік “Грип­пол плюс” вакцинасының 60 мың дозасы әкелінген болатын. Вак­цина қою жоспары 100 пайыз орын­далды. Нәтижесінде 9 мыңға жуық медицина қызметкері, 4,5 оқушы, 555 жүкті әйел, 23 мыңнан астам созыл­малы ауруы бар адам, 600-ден астам жабық үлгідегі мекемелердің тұрғы­ны, мыңнан астам қарт пен мүмкіндігі шектеулі жан және 21 мыңнан астам адам эпидемиологиялық көрсет­кіш­тер бойынша екпе алды”, – дейді об­лыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшы­сы­ның орынбасары Арман Күшба­сов.

Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp