«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Азат елдің басты құндылығы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Тәуелсіздік күні қарсаңында М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің тарихи музейінде танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Шараға қатысқан студенттер Тәуелсіздік тарихы жайлы баяндамалар жасап, өз өнерлерін көрсетті.

Азаттық – аяулы бабаларымыздың сан ғасырлық асыл арманы, егемен еліміздің ең басты құндылығы. Азаттық үшін күрес жолында халқымыз талай қиын кезеңдерден өтіп, қан кешіп, қайғы жұтты.  Қанша жыл ұлтымызға арман болған бостандықтың ауасын жұтып, шарапатын сезіну бүгінгі ұрпақтың еншісіне бұйырыпты. Сондықтан да жастарымыз осы жолда құрбан болған ерлерімізді ұмытпай, киелі Тәуелсіздігімізге құрметпен қарауға тиіс. Жас ұрпақтың жүрегінде Отанға деген махаббат оты лаулап жанғанда ғана егемендігіміз баянды болмақ.

Тәуеліздік тек қазақ халқы үшін ғана емес, елімізде тұрып жатқан әр азамат үшін қастерлі ұғымға айналуға тиіс. Музейде өткен кешке өзге тілде білім алып жатқан студенттер де қатыстырылып, олар өлең оқып, баяндама жасады. Сергей Садыков, Нұрсұлтан Омаровтар азаттық жайлы тебірене сөйлеп, Яна Лапкина, Мәдина Кошановалар Желтоқсан оқиғасына, қазақтың батыр ұлы Қайрат Рысқұлбековтің қилы тағдырына қатысты мәліметтермен бөлісті. Шара соңында келушілер сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын білдіріп, кітап көрмесімен танысты.

Ботагөз ҚОЖАБЕКОВА,

М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың  жанындағы тарихи музейдің директоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp