«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үйдегі музей

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Эльдар Алимкиннің үйінде аза­маттық қорғаныс құралдарының түр-түрі бар. Негізінен өткен ғасырдың 70-80 жылдарына тиесілі 40-қа жуық жәдігер топтастырылыпты. Оның көпшілігі бүгінде өте сирек кездеседі.

Облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының поли­цейі Эльдар Алимкиннің үйіндегі музей де радиа­ция­лық қорғаныс жабдықтары, дозиметр, жауынгердің химиялық қорғаныс костюмінің жиынтығы, каска, тіпті осы салаға қатысы бар оқулықтарды да кездестіруге болады.

“Бала кезімнен көне заттарға де­ген қызығушылығым алабөтен бола­тын. Әлеуметтік желілер арқылы ерек­ше әуестігі бар жандармен та­нысқаным көп көмектесті. Экспонат­тар­дың басым бөлігін Ресейден ал­дырттым. Мәселен, газтұтқыштарды биогаздан қорғану үшін қолданған. Тыныс алу жолдары мен көзді, бет терісін толығымен жауып тұрады”, – дейді полиция қызметкері.

Ұшқыштарға арналған газтұтқыш те­ріден жасалған, оны ракеталық әскер жауынгерлері пайдаланады. Ал “ДП 5Б” құралы бұрын радиация орнын анықтау үшін қолданылған.

Эльдар Алимкин болашақта коллекция топ­тамасын толықтырып, музей ашуды көздеп отыр.

 Жансая ҚАЙЫПОВА.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp