«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жауапты жұмыс

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ол әр күні таңертең қаладағы мыңдаған тұрғынның жайлы өмірі үшін жауапкершілік арқалап, жұмысына аттанады. Шаһар халқы тіршілік көзінен тарығып қалмау үшін қолына құрал-сайманын алып, күні бойы бел жазбай еңбек етеді. Әр күн сайын өз еңбегінің нәтижесін кө­ріп, кеудесін ризашылық сезімі кер­неп, өз ісінің қала өмірі үшін ма­ңызды екенін сезінеді. Слесарь Дүй­сенбі Ташкеновтің осындай күн тәр­ті­бімен өмір сүріп жатқанына 15 жыл болды. Ол “Қызылжар су” жа­уап­кер­шілігі шектеулі серіктестігінде еңбек етеді.

Дүйсенбі Алпыспайұлы – Есіл ау­да­нындағы Мектеп ауылының ту­ма­сы. Ол мектепті тамамдап, әс­керден келгеннен кейін техникумға оқуға түсіп, агроном мамандығын меңге­ріп шығады. Одан кейін біраз уақыт ауылда жұмыс істеп, кейін қалаға көшуді ұйғарады. Облыс орталы­ғына кел­геннен бері аталған серіктестікте табан аудармай еңбек етіп келеді.

– Әр жұмыстың қиындығы да, қызығы да болады ғой. Маған өз жұ­мысым ұнайды. Еңбек етем деген адамға қажетті жағдай жасалған. Әріп­тестерім де – жақсы адамдар. Үне­­мі қолдап, қол ұшын беруге дайын тұрады. Отбасымда жұ­байым мен балаларым бар. Балала­рым бүгінде ер жетіп, түрлі сала­да жұмыс істеп жүр. Олардың бойына еңбекқорлық, жауапкершілік қасиеттерін сіңіруге тырысамын, – дейді Дүйсенбі Таш­кенов.

Диас АЯҒАН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp