«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЙЛЫ МЕКЕН, ЖЫЛЫ ҚОНЫС

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Мемлекет ауыл шаруашы­лы­ғын қарқынды дамытуға бар­лық қажетті жағдайды жасап отыр. Оның нақты мысалына эко­номикалық, әлеуметтік бағыт­тар бойынша қабылданып, жү­зе­ге асырылып жатқан ауқымды бағдарламаларды айтуға бола­ды. Соңғы кездері ауыл-аймақ­тарды кешенді түрде өркенде­туге ерекше басымдық беріліп отыр. Мұны ұлттық құндылық­тар­дың елді мекендерден бас­тау алатынын, сарқылмас руха­ни қайнар бұлағымыз іспеттес мәдениетіміз, салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз қаймағы бұзыл­мастан кіндік кескен өлкемізде сақталғанын ескергендік деп бі­леміз.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр VІІІ сай­ланған Парламенттің бірінші сес­сиясында сөйлеген сөзінде елі­мізде бірнеше жылдан бері “Ауыл – ел бесігі” жобасы іске қо­сылғанын, оның аясында бір мың­­нан астам ауылдағы 3700 нысан жаңғыртылғанын айтты. Оның бәрі әлеуметтік және ин­женерлік инфрақұрылым жүйе­сі­не жатады. 1,5 мыңнан астам жо­баға 143 млрд. теңге бөлініп, елді мекендердегі кәсіпкерлікті ауыл шаруашылығы коопера­ция­сы арқылы ілгерілету үшін “Ауыл аманаты” тұжырымдама­сы қолға алынды. Ауыл тұрғын­да­рына 5-7 жылға 2,5 пайызбен шағын несие беріліп, құ­рал-жабдықтар мен техникалар сатып алуға рәсімдеу шарттары жеңілдетіл­ген 1 триллионға жуық субсидия қарастырылды.

Бүгінде бәріміздің жантала­сып жатқанымыз – шалғайда ор­наласқандықтан, қолдан жасал­ған күйзеліске ұшырап, қалыпты әлеуметтік, тұрмыстық қолже­тім­ді­лік­тен шет қалған, дегра­да­ция­лық жағдайда тұрған ауыл­дарды қайтсек сақтап қала­мыз деген ниет. Әрине, ауыл мен қа­ланың өркениетін, ин­фра­құ­ры­лымын са­лыстыруға ке­ле қой­мас. Де­ген­мен, ауыл тұр­ғындарының өмір сүру деңгейін арттырып, тұр­мыстық сапасын кө­терудің мүм­кін­діктері аз емес. Бү­гінде ауыл халқының саны барлық респуб­ли­ка жұртшылы­ғы­ның 40 пайыз­дан астамын құ­райды. Оның үс­ті­не ауыл ша­руа­шылығында жұ­мыспен қам­ты­лу үлесі аз емес, 30 пайызға жуық. Біздің мақса­тымыз – ауыл әлеуетін көтеру. Қа­зақстанда жүр­гізіліп жатқан қуатты аграр­лық саясаттың ар­қасында тә­уел­сіздік жылдары өз алдына отау тіккен серіктестік түбегейлі қайта құруларды бас­тан кешіре отырып, Привольный ауылы тұр­ғындарының әлеумет­тік-эконо­микалық әлеуетін ай­тар­лық­тай жақсарта алды. Осы кезең ішін­де іргелі шаруашы­лық­қа айна­лып, әлеуметтік маңызы бар бір­қатар нысандар салынды, қал­пына келтірілді. Менің ойым­ша, егемендіктің елең-алаң ша­ғындағы экономикалық қиын­дық­тарды қазбалап айта бер­генше адамдардың санасында ертеңгі биіктерге жетелейтін жа­сампаздық ұғымын орнықтыру әл­деқайда тиімді болар еді. Осындайда ойыма Мемлекет бас­шысының жастарға қарата айтқан: “Біз жұмыссыз жастарға жол сілтеп, бағыт-бағдар беруі­міз керек. Олардың тұрақты кә­сіп табуына көмектесуіміз қажет. Қа­зір жұмыспен қамтуға бағыт­тал­ған бірнеше бағдарлама бар. Бі­рақ жастардың көбі сол шара­лар туралы білмейді. Мемлекет ұсы­нып отырған түрлі қолдау жұ­мыс­тарынан хабарсыз. Бұл мә­се­ле тек жалаң үгіт-насихатпен ше­шіл­мейді. Үкімет пен әкімдер жас­тарды жұмыспен қамту мә­селе­сімен арнайы айналысып, күнде­лікті назарда ұстауы қа­жет”, – де­ген сөзі оралады. Шы­нында да, адамдарды ауылға тартатын жа­ңа стильді, өзгеше форматты іс-шаралар көбірек ұйымдасты­рылса, соғұрлым құрғақ есептен арылып, нақты нәтижелерге, игі­лікті істерге қол жеткізер едік.

Биыл 330 гектар алқапты там­шылатып суару технологиясы енгізіліп, мал азығы үшін жүгері мен жоңышқа өсіріле бастады. Бұдан бөлек, мал бағу мен бордақылаудың заманауи қон­дырғылары орнатылған та­уар­лы-сүт фермасы жұмыс іс­тей­ді. 934 бас ірі қараның 492-сі – сауын сиырлар. Сырттан асыл тұқымды мал сатып алынды. Күніне орта есеппен 9000 литр сүт сауылады. “Сиыр­дың тілі – сүтінде” демекші, жемшөбінің са­пасына баса мән бе­реміз. Гер­маниялық жем зауыты іске қо­сылды. Малды азықтан­дыруға және күтіп-баптауға қа­жетті құ­рал-жабдықтар жаңар­тылды.

Дәнді дақылдардың жалпы ауданы – 5184 гектар, оның 3479 гектарына мал азығы дақылда­ры өсіріледі. Алға қойып отыр­ған бір мақсатым – егістік алқап­тардың өнімділігін арттыра оты­рып, суармалы жоңышқа көле­мін ұлғайту. Топырақ өңдейтін БПГ тырмасы, екі көлік сатып алынды. Егін жә­не мал шаруа­шылығы салала­ры қосалқы бөл­шектермен, тұ­қыммен, жемшөп­пен толық қам­тамасыз етілді.

Жас мамандарға құшағымыз әркез айқара ашық. Биыл 10 жұ­мыс орны құрылды. Десек те, әлі малшы, агроном жетіс­пейді. Ауылымызға келіп, ор­ны­ға қал­са, еш өкінбесі анық. Қа­лыпты жұмыс істеп, жайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасала­ды. Бір маманның отбасына бас­пана берілді. Қосымша тұрғын үйлер салуды жоспарлап отыр­мыз. Жұмысшылардың орташа ең­бек­ақысы 170 мың теңгеге жуық­тайды. Қоғамдық монша жұ­мыс істеп тұр. Мектеп шаруа­шы­лықтың қамқорлығына алынған. Спорт залы жөнделді. Ғимарат аумағы үнемі тазартылып оты­ра­ды. Оқушылардың аудандық, облыстық жарыстар мен іс-шараларға баруына арнайы көлік бөлінген. Шағын орталық­тағы бүлдіршіндер тегін тамақ­тандырылады. Өнер мектебіне күйсандық, қолданбалы өнерге арналған түрлі құрылғылар әпе­рілді. Пайшылар саны – 190. Олар үлестерін астықтай да, ақшалай да ала алады. Басқа да әлеуметтік қолдаулар көрсеті­леді. Қоғам қайраткері Н. Әуел­бековті, кеңшардың бұрынғы ди­ректоры С.Ковальді еске алу турнирлеріне демеушіліктен бас тартқан емеспіз.

Бүгінде ауыл-аймақтарды да­мыту қолданыстағы барлық бағ­дарламалық құжаттар аясында іске асып жатқаны қуантады. Ауылдық аумақтарды өркенде­ту­дің 2023-2027 жылдарды қам­титын тұжырымдамасын ала­йық. Ол бойынша 7 млн. тұр­ғы­ны бар 3,5 мың ауылдық елді ме­кен кешенді түрде жаңғыр­тыл­мақ. 5 жыл ішінде 800 млрд. тең­ге бөлінетін болады. Сапалы су­мен қамту 100 пайызға жетеді. Жер­гілікті маңызға ие жолдар­дың 95 пайызы жақсарады. 24 млн. шаршы метр тұрғын үй пай­далануға беріледі. 10 мың ша­қырым ауылішілік жол қал­пына келтіріледі. 12 мың шақы­рым инженерлік желі салы­нады. Сонымен қатар тұрғын үй са­лудың жаңа механизмі енгізі­леді. Яғни ауыл қызметкерлері үшін баспана салған жұмыс бе­руші шығындарының 50 пайызы суб­сидияланады. Бұл жас ма­мандарды қоныстандырудың ке­шен­ді тәсілі емес пе? Түпкі бағ­дар – әлеуметтік, инженерлік жү­йесі бар қолайлы орта қалып­тас­тыру. Біз үшін ауыл – әрқа­шан алтын бесік, киелі мекен, береке мен байлықтың, ырыс пен мол­шы­лықтың күретамыры. Бұрын­ғы­дай емес, елді мекен­дерге де­ген көзқарас түбірімен өзгерген, қам­қорлық жетіп арты­лады. Олай болса, құр ұран­да­тып қана қой­май, тоздырмау­дың, қазақи қа­лыпты сақтап қа­лудың жолда­ры мен мүмкіндік­терін талмай қа­растырсақ, тұр­ғындар рухани жа­ғынан да жаңа мазмұнға ие бо­лып, жылы қо­ныстарынан кетуге асықпайтын болады.

Серік АЛТАЕВ,

“Астық-Привольный” ЖШС-ның директоры.

Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp