«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қиялға қанат бітірген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Оқушылар сарайында технология сурет мұғалімдеріне, сонымен қатар сәндік-қолданбалы шығар­машылық пен бейнелеу өнері ұжымдарына жетекшілік ете­тін қосымша білім беру педагогтарына арналған облыстық оқу семинары өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын жиын­ға өңір аудандарынан жиырмаға жуық маман қатысты.

Шара сурет салудың бастап­қы кезеңдеріндегі жұмыс техно­ло­гиясы туралы шеберлік саға­ты­нан басталды. Қосымша білім беретін ұстаздар мұнда түрлі композиция жасауды және за­манауи технологияларды игере отырып, қиялдағы дүниені қағаз­ға түсірді. Бұл мамандықтың қыр-сырын жақынырақ тануға жол ашады.

Облыстық балалар мен жас­өспірімдер шығармашылығы ор­талығы директорының орынба­сары Ирина Колодаеваның ай­туынша, семинар спикерлері ұсы­нып отырған материалдар қосымша білім беру педагог­тарының кәсіби қызметінде көмегі зор. Тіпті таптырмас көрнекілік деуге болады. Бұл семинар ар­қылы олар кәсіби шеберлігін арт­тырады және тәжірибе алма­сады.

Семинарға қатысқан пе­дагогтар мұндай пайдалы ша­ра­ларды жиі өткізу қажеттігін айтты.

– Осындай семинарлардан алған тәжірибемізді орталық­та­ғы балалармен бөлісеміз. Мы­са­лы, бүгін әртүрлі бағытта сурет салуды, заманауи техникалар­ды қолдануды үйреніп жатыр­мыз, – дейді Айыртау аудандық қосымша білім беру орталығы­ның оқытушысы Мейірбек Тоқа­нов.

Ләзиза МЫРЗАНТАЙҚЫЗЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp