Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында “Құлагер” клубы павлодарлық “Ертіспен” ойнады. Кездесу жерлестеріміздің жеңісімен аяқталды.
Матч басталысымен жерлестеріміз қарсылас қақпасына екі бірдей шайба дарытты. Эдуард Михайлов дубль авторы атанды. Ойынның екінші бөлімінде “Ертіс” хоккейшілері есеп айырмасын қысқартты. Нәтижелі соққының авторы – Максим Карпов. Көп ұзамай “Құлагер” ойыншысы Филипп Святына есепті еселеді. Үшінші кезеңде қос клуб та барын салды. Дегенмен солтүстікқазақстандықтардың айы оңынан туып, Никита Потапов кездесудің нүктесін қойды. Қортынды есеп 4:1.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.