«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“Құлагер” бабында

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында “Құлагер” клубы павлодарлық “Ертіспен” ойнады. Кездесу жерлестеріміздің жеңісімен аяқталды.

Матч басталысымен жер­лестеріміз қарсылас қақпасына екі бірдей шайба дарытты. Эдуард Михайлов дубль авторы атанды. Ойынның екінші бөлі­мін­де “Ертіс” хоккейшілері есеп айырмасын қысқартты. Нәти­же­лі соққының авторы – Максим Кар­пов. Көп ұзамай “Құлагер” ойыншысы Филипп Святына есепті еселеді. Үшінші кезеңде қос клуб та барын салды. Дегенмен солтүстікқазақстан­дықтардың айы оңынан туып, Никита Потапов кездесу­дің нүктесін қойды. Қортынды есеп 4:1.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp